№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық «Ван Дамм»

Жаңақорғандық «Ван Дамм»


Асхатты достары мен жақындары «Ван Дамм» деп атайды. Оның себебі де бар. 4 – сыныпта оқитын кейіпкеріміздің таэквандодан жеткен жетістігі бір басына жетерлік. Талабы таудай ұлды арнайылап жаттығу залына іздеп бардық.


Жаңақорған ауданында еңсе тік­теген спорттың бір түрі – таэквандо. Расында Кәмілжан Нақышпановтың қол астында жаттығатын өрендердің жеңісі мен жетістігіне қызыға да, қызғана да қарауға болады. Ерекшелейтін болсақ, Тұрсынбек Ерден, Ғайни Ғалымжанқызы, Аяна Әбсаттар есім­ді жас спортшылар талай мәрте аудан мерейін үстем етті. Олар ел чем­пио­натында олжа алып, өздерінің спорттық әлеуетін дәлелдеді. Асхат та алдыңғы буынның жолын жалғап келе жатқан балғын спортшы. Жасы тоғыздан асты.
Уақыт оздырмай кенттегі таэквандо үйірмесіне де келдік. 30-ға жуық баланың арасында жаттығып жүрген Асхатты бір сәт кідіртіп, әңгімеге тарттық. Ентігін басып, жанымызға жақындаған одан «Ван Дамм» деп аталуының сырын сұрадық.
– Кішкентай кезімде шпагатқа оты­руды қызық көретінмін. Бұл әрекетімді көрген үйдің үлкендері қандай әдіс қолдану керектігін көрсетті. Содан көп өтпей-ақ үйреніп алдым. Ата-анам талабымды танып таэквандо үйірмесіне берді. Мұндағы достарым «Ван Дамм» деп ат қойды, – деп жауап қатты ол.
Жауабын естіп болғаннан соң, оның өнерін көруге асықтық. Өзгеден ерек қасиеті көп баланың, аяғын сермеуі, айналып тұрып қайшылап тебуі, өте шапшаң қимылы шынымен сүйсіндірді. Бапкері берген бағыт-бағдарға мұқият мән беріп, әдіс-тәсілдерді шыңдауға күш салады. Әрбір қарекетінен чем­пион болуға деген ұмтылысын тануға болады.
– Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап Асхатты ата-анасы маған сеніп тапсырды. Алдымен әпкесі келген еді, ізінен інісі еріп келді. Үш жылдай қарамағымда жаттықты. Ол – талантты спортшы, болашағынан зор үміт күттіретін дарын иесі. Оның басты артықшылығы – өте еңбекқор, бойында чемпиондық рус бар. Ол облыстық деңгейдегі турнирлерге жиі қатысып, даралығын дәлелдеп келеді. Ел біріншілігіне алғаш қатысқан Асхатқа сәл сәттілік жетіспей, жүлдеге қол созым жерден сүрінді, – деді ұстазы Кәмілжан ағай.
Бүгінде жас таэквондошы Нұрбо­латтың қол астында спорттық шебер­лігін шыңдауда. Жаттығу таңғы сағат 9-дан 10.30-ға дейін болады. Одан кейін үйінде тағы жаттығады. Бұл оның күнделікті дағдысына айналған. Әкесі Ғалым Асанбаев перзентінің биік белестерді бағындыруына тілеулес.
– Біз балаларымызды жастайынан спортқа баулыдық. Үлкен ұлымыз кү­рес­ке, қызымыз таеквандоға қаты­сады. Асхаттың орны бөлек. Қолы қалт етіп босаса бөлмесіне кіріп жаттығу жасайды. Біз шектеу қоймай, қайта қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отырамыз, – деді анасы Жанар Әлменова.
Бойында чемпиондық рухы бар өреннің болашағынан зор үміт күтеміз. Кім білсін, Арман Шылмановтың Пекин Олимпиадасындағы қола медалін Асхат Ғалымұлы алтынға айналдырар. Бәріне уақыт төреші.

Әли ТЕМІРБЕК
05 желтоқсан 2020 ж. 667 0