№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аққорғандық Диана - жыл үздігі

Аққорғандық Диана - жыл үздігі


Байрақты бәсекелерде жаңақорғандық спортшылар олжалы оралып, аудан абыройын асырып жүр. Бірақ үздіктердің үздігі болады. Биыл шығармашылық ұжым сондай спортшыға белбеу күресінен Әлем чемпионы, самбо мен дзюдодан ҚР чемпионатының жүлдегері Диана Ғайбулланы лайық деп таныды.


Диананың жеңісті жолы жайында газет-журналдарға аз шыққан жоқ. Оның жеңіске деген жігеріне таңданған, тамсамғандар көп. Үлкен спортқа келген бес жылда әлемнің үздік балуандары санасатын деңгейге көтерілді. Белбеу күресінен өз салмағында Қазақстанда дарасы. Үш жылдан бері жеңіс тұғырынан түскен емес. Тіпті Олимпиада ойындарында өнер көрсетуге мүмкіндігі бар.
– Әрбір спортшының арманы – олимп шыңы. Осы биіктен көріну жолында тер төгудемін, – дейді чемпион рухты балуан.
Диана бағындырған биіктерін жаз­бас бұрын ол спортқа қалай келді? Соған тоқталсақ.
2014 жылы күрес залының есігін ашады. Оны Гүлжан Жұманова алып келе­ді. Жаттықтырушының ақыл-кеңесін ынта-шынтасымен орындаған еңбекқор қыз араға бір жыл салып облыстық жарыста бағын сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінеді. Екі жылдан кейін Сыр өңірінің намысын республикалық додаларда қорғай бастайды. Үш жылдан кейін әлемнің үздік үштігіне енеді. Осылай үлкен спортқа нық қадам басқан ол бас-аяғы төрт жылдың ішінде белбеу, самбо, дзюдо күресінің қыр-сырын меңгеріп, белгілі балуанға айналды.
– Байрақты бәсекелерде өзімнің дара екенімді дәлелдеу үшін кілемге шығамын. Әрі бапкерлерім үйреткен техникалық әдістерді сапалы орындауға тырысамын. Кейде деңгейі жоғары қарсыластармен кезігемін. Ондай сәтте тактикалық дайындық маңызды. Бойымда, болмысымда «біріншімін» деген рух бар. Мені жеңіске жетелейтін күш осы, – деді ол.
Биыл Диана қандай биікті бағын­дырды? Енді соңы сараласақ. Ол жастар арасында дзюдодан ел біріншілігінде қоламен қуантса, жасөспірімдер ара­сында чемпион атанды. Белбеу күре­сінен жастар арасында алтын тұғырдан көрініп, Татарстанның Казан қаласында өткен белбеу күресінен ХVII Әлем чемпионатында күміс сыйлады. Сондай-ақ Елорда төрінде өткен белбеу күресінен әлемдік чемпионатта алтын медаль алды. Биыл «ҚР спорт шебері», «Халықаралық дәржедегі спорт шебері» атағын қоса алды.
Диананың жеңіс жолында оған бағыт-бағдар беретін Әбдісаттар Садықов, Алмат Әбдіназаров, Аслан Нархо­жаев пен Нұрлыбек Алдабергенов сынды бапкерлердің еңбегі бар.
– Диана өте зерек қыз. Әрбір жаттығуда үйреткен тәсілдерді жетік меңгеріп алады. Әрі бойында ерекше дарындылық байқалады. «Мықтылық мұратсыз келмейді» демекші, оның алға қойған мақсат-мұраты биік. Сол жолда біз көмегімізді аямаймыз, – деді жеке бапкері.
Ата-ана қашанда тілекші емес пе?! Нұрхан Ғайбуллаев пен Нағима Үсейінова кенжесі Диананың спортты таңдауын қолдап, демеу көрсетіп келеді.
Міне, жоғары сынып оқушысының жеткен жетістігі осындай. Өр мінез­ді, жалынды жастың алар асуы, бағындырар белесі әлі алда.
– Тәуелсіздіктің рухы менің бойыма күш-қуат береді. Көк тудың астында өнер көрсетіп, Әлем чемпионтында Әңұранды шырқату басты мұратым. Сондықтан спорттағы жетістіктерімді Тәуелсіздік күніне арнаймын, – деді Диана Ғайбулла.

Әли ТЕМІРБЕК
14 желтоқсан 2019 ж. 1 155 0