№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СПОРТ – елдің еңсесі

СПОРТ – елдің еңсесі

  Соңғы жылдары Жаңақорған спортының жеткен жетістігі көңіл қуантады. Әсіресе оқушылар арасындағы спорттың бүгінгі биігі бір төбе. Ұлттық мектеп лигасы, түрлі турнирлерден табысты оралу бұл алдымен жас спортшылардың еңбегі, екінші ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

  Бүгінде әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус қаншама елді құрығына ілді. Вирусты жұқтырғандар саны да күннен-күнге артуда. Осындай кезде одан қорғанудың жолын білу маңызды. Әсіресе спортпен шұғылдану кез келген ауруға қарсы тұратын күшке ие. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына пайдалы болуымен қатар өзін сергек сезінуіне көп септігін тигізері анық. Сондықтан спорттың адамзат өмірінде алар орны ерекше. Қазақ «тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпағаны да осыдан болса керек.
  Екінші жағынан спорт саласы бұл бүтіндей елдің еңсесін көтеріп, бай­рағын тіктеп, мерейін үстем етеді. Бұл тұрғыда қазақ елінің айбыны әлем елдерімен терезесі тең. Спорттың ең қарапайым түрі жүгіру. Әр күні таңертеңгі уақытта үйдің маңайында, алаңда немесе көше бойында жарты сағаттай жүгіріп келсеңіз таза ауаның денсаулығыңызға тигізген пайдасымен қоса иммунитетті көтеруге де жұмыс жасаған болар едіңіз. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің халқына жолдаған Жолдауларының бірінде 2030 жылға дейін Қазақстан экономикалық, әлеуметтік деңгейге көтерілуде рухани байлықпен қатар денсаулықтың да аса қажет екенін атап көрсеткені дәлел.
Бала тәрбиесіне кішкентайынан көңіл бөліп, оның қоғамдағы жат қы­лық­тардан бойын аулақ ұстауы үшін де дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке үйірлік, тіпті нашақұмарлық дендеп бара жатқан уақытта дені сау ұрпақты қалыптастыру отбасында берілетін тәрбиеге де байланысты. Өйткені қызығушылықпен істелген істің соңы неге апарары белгісіз. Осындайда «тәр­бие басы тал бесік» деген тәмсіл еріксіз еске оралады.
  Бір сөзбен айтқанда спорт бар­лық тәрбие атаулының бастауы. Оның түп қазығы қозғалыс, ал қоз­ға­лыс­сыз тіршілік жоқ екенінде. Сол ден­саулықтың кепілі спорт екені даусыз. Сондықтан «спортпен шұғылдануға уақыт таба алмай жүрмін» деген сылтаудан арылу керек.

Олжас БАЗАРБАЕВ,
№163 мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі


26 желтоқсан 2020 ж. 1 524 0