№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Арман алға жетелейді

Арман алға жетелейді

Спорт рухы асқақ, намысы биік, мықты тұлға болуға жігерлендіреді. Оны Аянат Жұмағалидың талпынысынан көруге болады. 11 жасында нәзік те сезімтал Аянат ауыр атлетикаға келіп, бүгінде республикалық аламандарда олжалы болып, Жаңақорған атын шығарып жүр.
Жігерлі жастың бойындағы талантын таныған Берік Өтешов ауыр атлетиканың әліппесін үйретіп, техникасын шыңдап, екі айдан кейін облыстық ашық біріншілігіне қосады. Аянат үмітті алдамай, бірінші жарысында-ақ топ жарды. 
 – Оның бойында ерік-жігер мен қайтпас қайсар рухы бар. Өзгелерден осы қасиетімен ерекшеленетін ол бойындағы үрейін де жеңе білді. Жыл басында Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. 45 келіде өнер көрсетіп, үздік үштікпен түйіндеді. Спортқа келген 3 жылдың ішінде қатысқан барлық турнирлерде жүлде алып, қуантты, – дейді бапкері Берік Әбдрайұлы.
    Алғашында ата-анасы оны еркін күреске беруді жөн санайды. Ол зілтемірші болуды таңдайды. Талантты спортшы жарыстарда биіктен көрінгендіктен Алматы қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектеп интернатынан шақырту алады. Оның болашағы үшін ата-анасы келісіп, үлкен орталықта жаттыққанын құп көреді. Аянат бәсекелі ортада өзін жақсы қырынан көрсетіп, техникасы мен тактикасын шыңдай түседі. Содан болар Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінеді.
Аянаттың ата-анасы өзінен бөлек тағы бір ел чемпионын тәрбиелеп отыр. Ұлы Мұрат еркін күрестен Қазақстан Республикасында екі рет топ жарған.
– Баланы спортқа бейімдеу отбасымызда қалыптасқан дәстүр. Бос уақытын телефонға телміріп пайдасыз өткізгеннен салауатты өмір салтын ұстанғаны абзал. Басында қызымды еркін күреске бергім келген. Алайда қызым ауыр атлетикаға бейім екенін білдірді. Шүкір, аз уақыт ішінде ел мерейін үстем етті. Қызым спортпен айналысқалы асқақ мұратына жету жолында, аянбай еңбек етуде. Жауапкершілік жеңіске жетуде шешуші рөл атқарады екен. Аянаттың қарекетінен осыны түсінуге болады, – деді әкесі Жомарт.
12 наурызда Сарыағаш қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында жеңіс
тұғырының ең биігінен көріну үшін тер төгуде. Бабы келісіп, бағы жанса үздік болуға мүмкіндік бар.
Біз оның асқақ арманы шындыққа айналуына тілектеспіз.
Майра ӘБДУӘЛІ
09 наурыз 2020 ж. 832 0