Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

  Өткен аптада жасөспірім спортшылар спорттың әр түрінен бақ сынап, кәсіби шеберліктерін шыңдап алды. Ал, ең басты дода еркін күрестен Қазақстан Республикасы чемпионатында Бану Төлеген жүлдемен қуантты.

  Алдымен, аудандық біріншіліктерді сараптап алсақ. «Нашақорлыққа жол жоқ», «Бәріңде жарысқа» ұранымен шағын футболдан 2005 және 2006 туған жасөспірімдер арасында өткен аудандық ала доп аламаны мәресіне жетті. Осындай ұранмен стритболдан 2007 жылы туған ұлдар және қыздар командасы кім мықтыны анықтады. Жеңімпаз командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
  Зілтемірші Ғазиза Сарсенбек Шиелі ауданында өткен социалистік еңбек ардагері Ыбырай Жақаев атындағы ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар және қыздар арасындағы республикалық турнирде топ жарды. 75 келіде өнер көрсеткен Ғазиза бапкер Асыл Сағатовтың төл шәкірті.
  Сонымен, Сыр жұрты асыға күткен жүлдені Бану алып келді. Қарағанды қаласында өткен әйелдер күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы ҚР чемпионаты мықтыларды іріктеді. Бұрымдылар бәсекесінде былтыр да жүлделі оралған жерлесіміз бұл жолы 62 келіде өнер көрсетті. Айдар Әбеновтың қол астында жаттығатын Банудың аяқалысы жаман емес. Себебі, өзі қатысқан жарыстардан жүлдесіз оралмайды.
  – Ел біріншілігі болған соң бәсекелестік өте жоғары. Үлкен дайындықпен бардық. Дегенмен бізге бұйырғаны қола болды. Алда жоспарлар көп, сондықтан Бануға әлі де көп жұмыс жасау керек, – деді жеке бапкері.
Жаңақорғанда ерлердің еркін күресі қатты дамыған. Сыр елінің құрамасын жаңақорғандық балуандар құрайды. Тіпті, ұлттық құрамадан да алар еншіміз аз емес. енді аға буынның ізін жалғап келе жатқан Бану сынды нәзік жандылардан да толағай табыстар күтеміз.

Әли ТЕМІРБЕК.
24 сәуір 2019 ж. 892 0