№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Жаңақорған тынысы" құрамасы аудан әкімінің кубогына ие болды

"Жаңақорған тынысы" құрамасы аудан әкімінің кубогына ие болды


Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сыр өңірінің журналистері Қожакент ауылында бас қосты. Ондағы мақсат – шағын футболдан Жаңақорған ауданы әкімінің кубогы үшін өзара бақ сынап, үздікті анықтау. Дәстүрлі доп додасы мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында салынған жаңа ғимаратта өтті. Кәсіпкер, меценат Изатулла Үсеновтың ауыл жастарына сыйлаған заманауи спорт кешеніндегі алғашқы турнирде тілшілер доп тепті.


– Бұқаралық спортты дамытуда Жаңақорған ауданы іргелі баста­маларды қолға алуда. Оның айқын көрінісі бүгінгідей спорт кешендерінің көптеп бой көтеруі. Биылдың өзінде ауданда төрт спорттық ғимарат ел игілігіне берілді. Міне осындай игі істерді насихаттап қана қоймай, спорттың дамуында жастарға өнеге болып жүрген журналистердің де еңбегін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген тілшілердің доп додасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – деді аудан әкімі Сұлтан Мақашов.
Айта кететіні, аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы Қармақшы ауданын басқарған жылдары журналистер арасындағы турнирді тұрақты әрі жоға­ры деңгейде ұйымдастырып, қалам­герлердің спорттық шеберлігі артуына, әріптестік байланыстың артуына дем берген еді.
Сонымен 7 команда «Меншікті тіл­шілер», «Сыр медиа», «Жас тілшілер», «Qyzylorda арнасы», «Түркістан», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» командасы екі топқа бөлініп, бақ сынады. Алғашқы ойын «Меншікті тілшілер» мен «Qyzylorda арнасы» арасында өрбіді. Тартысты басталған ойын меншікті тілшілер пайдасына шешілді. Есеп 3:1. Осылай әр ойынның көркін қыздыра түскен тілшілерге ауыл тұрғындары үлкен қолдау көрсетті. Жер­гілікті команда «Жаңақорған тыны­сы» алаңға шыққанда қожакенттіктер дем беріп отырды.
Алғашқы ойында «Жас тілшілерге» жол беріп қойған жаңақорғандықтар топта Шиелінің Өскен өңірін» қапы қалдырды. Одан кейін «Меншікті тілшілерді» 2:0 есебімен басым түскен «Жаңақорған тынысы» жігіттері ақтық сында «Qyzylorda арнасын да» айқын басымдықпен жеңіп, аудан әкімінің арнайы кубогын төбесіне көтерді. Үшінші орын үшін таласта жастар Әділбек Жақанов бастаған «Меншікті тілшілерге» жол берді.
– Жарыс өз деңгейінде өтті. Ұйым­дастырушыларға үлкен алғыс білдіреміз. Әсіресе, спорт кешенінің иесі Изатулла ағамызға рахметіміз ерекше. Осылай шығармашыл ұжымды бір арнаға тоғыстырып, ауылдағы бұқаралық спорттың дамуына үлесін қосып келеді. Әрбір ісі оң болсын, аудан әкімінің кубогы дәстүрлі жолын табады деген сенімдеміз, – деді Ерасыл Шәрібек.
Ойын соңында үздік ойыншылар мен командалар марапат биігінен көрінді. Қомақты қаржылай сыйлық пен кубок тігілген турнирдің марапаттау рәсіміне аудан әкімі мен облыстық ветенария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов және ауданға еңбегі сіңіп жатқан ел ағалары келді.
– Изаттула ағамыздың елге жасап жатқан қамқорлығын ел біледі. Міне бүгінгі бой көтерген спорт кешеніне көпшілік дән разы. Алдағы уақытта әлемді бағындыратын спортшылар шығатынына сенімдіміз. Ал, БАҚ өкілдерінің ауылға келіп, жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген қызметтеріне табыс тілеймін, – деді спорт жанашыры Жарқынбек Сәпиев.
Тағы айта кететіні, бұл спорт кешенінде спорттың бес түрінен балалар жаттығады. Сонымен 3 жыл бойы жеңіс тұғырынан көрініп келе жатқан «Жаңақорған тынысы» биыл алғаш рет облыстың чемпионы атанды. Оған дейін республикалық доп додасында атой салған болатын. Жеңісті күндер көп болсын.

Әлібек ТЕМІРБЕК
19 желтоқсан 2019 ж. 687 0