№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алтын қашан бұйырар екен?

Алтын қашан бұйырар екен?


Қазақстандық еркін күрес шеберлері Токио Олимпиадасына бес жолдама алды. Үлкен табыс. Біз солай қабылдаймыз. Нұрислам Сана, Дәулет Ниязбеков, Нұрғожа Қайпанов, Данияр Қайсанов және Әлішер Ерғали ұлттық құрамаға жолдама алып берді.


Дәулет пен Нұрқожа қоржынға күміс алқа салды. Дәулеттің кәсіби спортшы ретінде тәжірибесі толысқан, еңбекқор, талапшыл балуан. Әрбір жарысқа жауап­кершілікпен қарап, бозкілемде барын салатыны белгілі. Қазір Қазақстанда 65 келіде бәсекелестік жоғары. Бірақ құрама бапкерлері Дәулетке сенім артты. Ол сенім үдесінен шықты. Бірақ қазаққа бір алтынды әперсе Дәулеттің қолынан келетін еді. Жанкүйерлер одан соңы күтті. Бұйырғаны күміс. Оған да шүкір!
Нұрқожада спортшыға тән міңез бар, жастығына қарамастан үлкен спортта өзіндік орны бар. Биыл өзінің мықты екенін Азия чемпионатында дәлелдеді. Алайда Әлем чемпионатында алтынға сынақ сүйем қалғанда сүрінді. Тіпті әдіс жасауға мүмкіндігі болмады. Өкініштісі екеуі де ресейлік балуанға жол берді.
Ресей құрамасының бас бапкері Дзамболат Тедеев айтатында, ресейлік балуандар әлемнен бір бас биік болып тұр. Біздің балуандар оларды тоқтатудың жолын таппай жүр.
Кезінде Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев, Амангелді Ғабсаттаров КСРО-ның камалын бұзып, дағыстан, осетин, грузин, армян балуандарының жауырын талай жер иіскеткенін білеміз. Әттең, орталықтың саясаты болмағанда олар Әлем, Олимпиада чемпионы болар еді. Даңқты ағаларымыздың жолын жалғай алмай жүргеніміз өкінішті.
Әлем чемпионаты қазақ балуан­дарының бәсекеге қаншалықты қабілетті екенін көрсетіп берді. Біздің күрес шеберлеріміз Заурбек Сидаков, Франк Чемизо, Джордан Барроуз, Хасан Яздани, Кайл Снайдер, Абдулрашид Садулаев, Шариф Шарифов сынды даңқты балуандардан айласын асыруға тактикалық, техникалық шеберлігі жетпейді. Бәрінен бұрын, олармен бел­десуге психологиялық тұрғыда дайын емес. Тіпті ортанқол үндістандық, жапондық, моңғолиялық, ирандық балуандардан айналып өтуі қиындап барады.
Ең қызығы, жоғарыда аталған кез-келген бауанның атақ-даңқы қазақстандық спортшылардан көп. Біз Әлем чемпионатының алтының асыға күтіп жүргенімізде, Садулаевтың бір басында төрт алтын бар.
Америкалық күрес шеберлері несімен ерекшеленеді? Физикалық дайындығы көзге көрініп тұр. Қарсыластарынан физикалық әлеуеті жағынан бір төбе биік. Ал ресейлік күрес мектебі жігерімен, қайсарлығымен, рухтылығымен ерекше. Техникалық дайындығы жоғары. Тактиканы дұрыс қоя біледі.
Біздің балуандардың да техникалық дайындығы жоғары. Бірақ, көп жағдайда, тактикалық тұрғыда ұтылып қалғанын көрдік. Мұраты асқақ, бірақ физикалық әлеуеті жоғары дей алмайсыз. Функционалдық дайындығы жөнінде сөз қозғаудың өзі артық. Бәрінен бұрын, психологиялық тұрғыда дайын болмай шықты.
Бізге Әлем чемпионы керек, Олим­пиада алтыны қажет. Біздің бапкерлік құрам соған жол табатынына сенеміз. Себебі, үмітсіз шайтан ғана. Әрине әділ бағасын сарапшылар мен мамандар бере жатар. Біздікі көзбен көргенді баяндау, ой тастау.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
01 қазан 2019 ж. 694 0