№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ДӘУЛЕТТІҢ ЕНШІСІНДЕ ҮШ АЛТЫН

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ДӘУЛЕТТІҢ ЕНШІСІНДЕ ҮШ АЛТЫН


Қырғызстанның Бішкек қаласында жалауы желбіреген Азия чемпионаты аяқталды. Ел намысын қорғаған қазақстандық балуандардың нәтижелі өнеріне марқайдық, қуанып, сүйінші сұрадық. Әсіресе, жерлес балуан Дәулет Ниязбековтің күресі бізді жігерлендірді. Иә, сары құрлықта Дәулет үшінші рет теңдесіз атанды...
Сонымен, 65 келіде сынға түскен Дәулет бозкілемдегі алғашқы белдесуін Солтүстік Корея балуаны Киммен өткізді. Тартысқа толы кездесу Дәулеттің жеңісімен аяқталды. Есеп: 7:4. Одан кейін, ширек финалда қырғыз балуанынан айласын асырды. Әрине, жерлестерінен жігер алған қырғаыз балуанын бағындыру оңай болған жоқ. Алайда, одан кейінгі қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірді. Яғни, жартылай сында өзбекстандық Темуржан Усмонохуновты, ақтық сында жапондық Даичи Такатаниді ірі еппен жеңді. Өзбекті 10:0, жапонды 11:0 есебімен ұтты.
Осылайша қарсыластарын қоғадай жапырып, үшінші рет Азияда теңдесіз екенін дәлелдеді. Бұл жеңіс оған әлемдік рейтингте де үздіктердің көшін бастауға мүмкіндік берді. Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінде 65 келіде өнер көрсетіп жүрген отандасымыз 26 ұпай жинап, әлемдік рейтингте бірінші орынға жайғасты. Айта кететіні, ол 2015 жылы Дохада, 2016 жылы Бангкокта Азияның мықтылары жиналғанда алтын алқа таққан болатын
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Токио Олимпиадасында биік тұғырдан көрінетініне сенеміз. Балуанның бапкері Әбутәліп Аманов та шәкіртінің Олимп биігінен көрінетініне сенеді:
– Дәулет еңбекқор балуан. Жаттығу залында тер төгуден аянып қалған емес. Бәрінен бұрын, Дәулетті спорттық мінез, өз-өзіне сенімділік бар. Енді жетінші рет Қазақстан чемпионы атану үшін чемпиондыққа дайындықты бастайды. Ел біріншілігінде үздік шықса Әлем чемпионатындағы қоланы алтынға ауыстыруға күш салады, – деді облыстық құраманың бас бапкері.
Жалпы, Азия біріншілігінде асығымыз алшысынан түсті десек болады. Еркін күрес балуаны Нұрислам Санаевта екінші алтынды қанжығаға байлады. Одан бөлек екі қоламыз бар. Ал, грек-рим мен әйелдер күресінен де толағай табысқа қол жеткізіп, командалық сында үшінші орынмен аяқтадық. Енді алда Әлем чемпионаты күтіп тұр. Біз байрақты бәсекелерде табысты өнер көрсетіп жүрген жерлес балуандар Дәулет Ниязбеков пен Ғалымжан Өсербаевтың жеңісті жолын күтетін боламыз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
13 наурыз 2018 ж. 1 236 0