Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХХІ ғасыр бізге не берді?

ХХІ ғасыр бізге не берді?



Дөңгеленген дүние жаңа – ХХІ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығына да жақындап қалды. Әр ғасыр өз жаңалығымен, жақсылығымен тарих жадына жазылып қала берсе жер шары ұлы достық пен ізгіліктің мекеніне айналар еді. ХХІ-ғасырды еліміз үшін баянды бейбітшілік пен ізгіліктің бесігіне айналдыруда бүкіл қажыр-қайратын жұмсап келе жатқан кемеңгер Көшбасшымыздың қолтаңбасы айрықша.
Қолданыстағы Ата Заңымыз бойынша Елбасымыз жылма жыл халықты ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етеді. Ғасыр табалдырығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030 шы жылдарға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді Стратегия ұсынды.
Тәуелсіздігімізді төрткүл дүние мойындады. Тәуелсіз жас мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі – азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі мен жүргізіліп жатқан реформалардың табысқа жетуінің басты кепілі. Оны қамтамасыз етудің алғышарты – қоғамның ынтымағы мен ішкі саяси орнықтылығы.
«Қазақстан – 2030» Стратегиясы адам факторын дамудың ең мықты басымдығы ретінде ең жоғарғы орынға қояды. Сүйтіп адамдарды өздеріне сенуге шақырады. Тек сондай адам ғана өз мүмкіндіктерін жете бағалап, қандай іске қалай жұмылу керектігі жайында дұрыс қорытындылар жасай алады.
Ел Президенті жас мемлекетіміз аяғынан нық тұра бастаған алғашқы сәттерден бастап «Әуелі экономика, содан соң саясат» ұстанымын берік қолдап, халықтың әлеуетін арттыруға барлық жағдайды жасап келеді. ТМД елдері ішінде Қазақстан табанды тәуекелінен танбай, алғашқылардың бірі болып нарықтық экономикаға қадам жасады. Міне, осындай батыл іс, баянды бастамалардың нәтижесінде ширек ғасырда еліміздің ішкі жалпы өнімі 20 есе, орташа еңбек ақы 17 есеге өсті. 2 миллионнан астам жұмыс орындары ашылды. Кедейшілік деңгейі 20 есе қысқарды.
Екі мыңыншы жылдың басында жаңа стратегиялық жобалар дүниеге келді. Яғни әлеуметтік мәселелерді жаңа жәрдемдер ойлап табумен емес, жаппай кәсіпкерлікті күшейту жолымен шешуге маңыз беріле бастады. Шынайы әлеуметшіл қоғам еңбек адамына бойында күш-қайраты бар кезде ертеңгі күніне күні бұрын қам жасауға баулиды. Елбасының шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы бастамасын кәсіппен айналысамын деген деген азаматтарға үлкен демеу, зор қажыр-қайрат берді. Отандық өндірістің өркендеуіне барынша назар аударылды. Осы салада «Қазақмыс» корпорациясы орны айрықша «Қазақмыс» мыс кенін өндіруден дүние жүзі бойынша алдыңғы ондыққа кіреді. Жаңа технологияларды өндіріске батыл енгізу нәтижесінде өнім өндіру екі есеге жоғарылады. Жаңа талапқа жауап беретін мырыш өнеркәсібі ашылды.
Экономика саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. ТМД елдері ішінде алдыңғы қатарға шықтық. Отандық кәсіпорындарымыз жандана бастады.  республикалық маңызы бар 10,5 мың шақырым автомобиль жолы салынды және жөндеу жүргізілді.
Индустриялық бағдарлама бойынша алғашқы алты жылда 3,8 триллион теңгеге 300 жоба қолданысқа енгізіліп, 85 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл жұмыстарда шетелдерде шетел қаржысы тартылып, бірлескен экономикалық жобалар іске асты. 25 жылда 255 млрд шетел инвестициясы игерілді. Еңбек рыногының тиімділігі жөнінен 140 елдің ішінде 18 орын, Бизнесті баянды өрістету жөнінен 180 ел ішінде 41 орынды иелендік.
Қаржы және банк жүйесі, даму және экономиканы басқару институттары құрылды.  Ауыл шаруашылығы жолға қойылды.
Аграрлық секторға Германия, Италия, Қытай секілді мемлекеттерден стратегиялық инвесторлар тартылды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асты. Шикізатқа тәуелділіктен құтылып, ғылымды қажет ететін экономика құруға кірісті.
Экономикалық тұрақтылықтың арқасында жалақы, зейнетақы, шәкірақы, мемлекеттік жәрдемақы өсті. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланды. Арғы-бергі тарихымыз бен ұлттық мәдениетіміздің жылдар бойы қордаланған бірқатар проблемаларын шешуге кірістік. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер, 2 млн-нан астам мәдени құнды заттар бар екен. Олардың ішінде әлемдік маңызы бар асыл мұралар қаншама. Соның мовзолейі ЮНЕСКО-ның шешімімен бүкіләлемдік Мәдени мұралар тізіміне енді.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, АҚШ, Батыс Европадағы үлкен кітапханаларға, тарихи мұражайларға экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды құжаттар, оның ішінде тарихқа, этнографияға, қазақ өнеріне қатысы бар архивті қолжазба,  баспа шығармалары алынды. Сөйтіп осылардың негізінде елімізде 337 кітап 1,5 млн тиражбен жарық көрді. Бұл біздің ұлттық руханиятымызға қосылған құнды мұра деуге болады. Оның ішінде «Бабалар сөзі», «Библиотека мировой литературы», «История казахской литературы», «Орта ғасырлардағы әуендер», тарихи жырлар, «Қазақтың 1000 күйі», «Қазақтың 1000 әні» антологиясы жарыққа шықты.
Осы кезеңдері «Қазақстанның Ресейдегі жылы» мәдени шарасы өтіп, соның аясында көп игілікті істер атқарылды. Ресей мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты құжаттар елге әкелінді.
ХХІ ғасырдың алғашқы кезеңі дүниежүзінде ұлтаралық және діни қақтығыстардың куәгері болды. Басты себебі – ұлттық мүдделер қақтығысы. Ал біздің жетістігіміз – ортақ Отанымыздағы ұлтаралық келісім бейбітшілік және тұрақтылығымыз болды. Бұл табыста Қазақстан халықтары Ассамблеясының ролі мен үлесі өте зор.
Жаңа ғасырда Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жаңғырту жоспарланып, ол жүзеге асырылды.
Қазақстан қоғамының демократиялық дамуын күшейту мақсатында еліміздің құқық қорғау органдарының сот жүйесінің реформалануы тиянақталып, өлім жазасын қолдану тоқтатылды.
Ғасыр басында Елбасы бастамасымен әр аймақтың өз ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік сананы қаржыландыруда өз жолы, өз үлесін қалыптастыру тетіктері іске қосыла бастады. Елге шетелдік инвестиция тарту жолдары қарастырылды. Бұл мәселеде бюджетпен қоса іштен, сырттан қаржы тартатын айрықша бағдарламалар жасақталып, қорлар құрылды. Елбасы ауыл мектептерін компьютерлендіруге, интернет жүйесіне қосылуды тездетуге пәрмен берді. Отандық кәсіпорындарды басқаруға алатын,бірлескен кәсіпорындар ашатын шетелдік компаниялармен келісім жасалып, елдегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, жергілікті мамандар  даярлау мәселесіне баса көңіл бөлу айрықша назарға алынды.
Индустриялды-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі Бағдарламасы қабылданып, қазақстандық инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды.
Әлем «ХХІ ғасыр» Монифесті
Президент Нұрсұлтан Назарбаев ХХ-ғасырда милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктарға шектеу қоюды талап етті. «Күш қарсы күшті тудырады. Сондықтан да әскери блоктарға Бейбітшілік туы астында мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық ... қарсы қою қажеттігін алға тартты. Осы сәттен бастап Қазақстан адамзат тарихындағы ең зұлмат қару – ядролық бомбаға қарсы күрестің нағыз көшбасшысына айналды. Әлем ХХІ ғасыр Монифесті – баянды, бейбітшілік бастамасы.
Елбасы бастамасымен дүние жүзінде ең ірі Семей ядролық полигоны жабылды. Қазақстан – әлем тарихында қарудан бас тартқан тұңғыш ел.
2016 жылы Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV Саммитте Елбасы «Әлем ХХІ ғасыр» Монифесін жария етті. Бұл тұрғыдан келгенде біздің Президентімізді Ядролық қаруға қарсы жаһандық көшбасшы деп санағанымыз әділірек болар.
– ХХІ ғасырда да бейбітшілік үлесін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек, – деп атап кқрсетті Мемлекет басшысы, – Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылтук үшін миллиондаған ізгі мұраттылардың күш-жігерін жұмылдыру қажет. Өйткені біздің барша жетістіктеріміз тек бейбіт өмірде ғана баянды болмақ».
23 шілде 2019 ж. 1 193 0