№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПАТЕНТТІҢ ПАЙДАСЫ КӨП

ПАТЕНТТІҢ ПАЙДАСЫ КӨП

Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе – тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Бұл бағытта патенттің болуы кәсіпкерді пайдаға кенелтеді. Осы тұста ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті 2020 жылдан бастап патент негізінде арнайы салықтық режимді жеке кәсіпкерлер де қолдана алатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде толығырақ мәліметті Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Аида Әмірбековадан білдік.

– Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлері пайдалана алатынын жеткізеді. Бірінші, сылақ жұмыстарын; екінші ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; үшінші еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; төртінші бояу және шынылау жұмыстарын; бесінші такси қызметін; алтыншы автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды; жетінші сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; сегізінші фотография саласындағы қызметті; тоғызыншы аударма (ауызша және жазбаша) ісін; оныншы мүліктік жалдауға (жалға) беруді; он бірінші көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент алуға құқылы, – дейді Аида Әмірбекова.
Сондай-ақ мұның қатарында: бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді; басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін; басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруда дара кәсіпкерлер қолдануға құқылы. Оған қоса, қосалқы білім беру қызметтерін; өнер саласындағы қызметті; компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді; коммуникациялық жабдықты жөндеуді; жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді; шаштараз қызметтерін; маникюрді және педикюрді; ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді; жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді; тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді; базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді; үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы екен.
– Негізі жоғарыда аталған тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет: яғни оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі не жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет. Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады, – деді басқарманың бас маманы.
Сонымен қатар, брифинг соңында Аида Әмірбекова бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жоятынын тілге тиек етті.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ
10 шілде 2019 ж. 873 0