№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рейд: нәтижесі шыға бастады

Рейд: нәтижесі шыға бастады


Жаңақорған ауданы әкімінің өкімімен кент ішіндегі тиісті рұқсат құжатынсыз, заңсыз жолаушы тасымалы қызметімен айналысушы тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде тіркеуден өту тәртібін түсіндіруге арналған жұмыстарды жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осы жұмыс тобы 11 наурыз бен 11 сәуір аралығында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Наурыздың 27-сінде Жаңақорған кенті әкім­дігі мен құқық қорғау орындарының арнайы тобы өткізген кезекті рейд барысында бірқатар өзекті жайлар анықталды. Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Талғат Қалдыбаевтың айтуынша, қазіргі кезде жергілікті тұрғын жайы бойынша елді мекенге тіркелген такси жүргізушілер айына 7 мың теңге көлемінде салық төлейді. Сөйтіп, өзінің қызметін заң аясында жүргізуіне құқылы. Ал, еш жерде тіркелмеген такси жүргізушілерге алдымен Ескерту хат тапсырылып, одан нәтиже шығармаса 35 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Екінші рет қайталанса, көлігі тәркіленіп, айып тұрағына қойылатын болады.
Топ мүшелері Түркістан, Қызылорда бағ­дарына шығатын такси жүргізушілермен кеңесе келе, өзекті мәселелерді ортаға салды. Жаңақорғандық такси жүргізуші Асылхан Исаханов «Нұрай» дара кәсіпкері ретінде тіркеліп, тоқсан сайын 28 мың теңге салық төлеп отыр екен. Сондықтан ешқандай проблемасы жоқ көрінеді.
Ал, шындығына келгенде такси жүргізу­шілер­ге бұл талап оңай болып отырған жоқ. Түркістанға қатынаушылар сондағы жеке автобекетке көлігін уақытша қою үшін күніне 300 теңге төлейді. Бір айда тоғыз мың теңге болады. Тәулігіне үш мың теңге көлемінде табыс табады екен. «Мемлекет ретке келтіріп тіркейтін болса, онда вахталық әдіспен жұмыс жасап, демалыс кезінде такси қызметін атқаратындар да, сенбі, жексенбі күндері жолаушылар тасымалдаушылар да тіркелсін» деген пікірлерін білдірді.
Такси жүргізушілер өз кезегінде Жаңақорған кентінің әкімдігі ауылға такси ретінде жолау­шылар тасымалдаушыларға барынша қолайлы болуы үшін, орталық базар маңында, ауылдарға шығар тұстарда арнайы жабық үлгідегі аялдамалар жасап, инфрақұрылымын дамытсын деген де ойларын жеткізді. Мемлекеттік бюджетке төлеген салығы өзі тұратын кенті, ауылдық округтің экономикасын көтеруге, яғни елдің игілігіне жұмсалатындығын таксистер түсіністікпен қабылдады.

Ескендір ЕРТАЙ.
30 наурыз 2019 ж. 987 0