№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 100 күн ішінде 100 смартфон: «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды

100 күн ішінде 100 смартфон: «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды

  2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Респу­бли­касының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс­тер комитеті фискалдық деректер опе­раторымен бірлесіп өткізеді.

   Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.
Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.
«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.
Қатысушы жәнечек туралы мәліметтерді тәркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store,Google Play market-те қолжетімді.
Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.
Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kzсайтынан көруге болады.
Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
04 мамыр 2019 ж. 987 0