ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
Елбасының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы уақытта экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалады, – деп жазды Егемен Қазақстан.
«Жылдың басында алдымызда тұрған мақсаттарды анықтап, тиісті сұрақтарды бір-бірімізге қойып, жұмыс істеуді бастау үшін бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін өткізгелі отырмыз. Облыстардың әкімдері қатысуда. Өздеріңіз білесіздер, қаңтарда өткізген Үкіметтің жиналысында былтырғы жылдың қорытындысы жарияланды, айтылды. Шынын айту керек, өткен жыл оңай болған жоқ. Дүниежүзінің экономикасы да аумалы-төкпелі болды. Біздің де жағдай әртүрлі болды. Дегенмен, Үкімет пен әкімшіліктердің бірлесіп істеген жұмыстарының арқасында менің бағалауым бойынша дұрыс нәтижеге жеттік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.