Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры

Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры

Мемлекет басшысы 2020 жылдың 5 мамырында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында: «Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе, мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады», - деген болатын.

Шындығында да қазіргі алмағайып заманда ұлт ретінде сақталуға ұмтылған әрбір халықтың алдында ұлттық құндылықтардың ортақ сипатқа ие болуы өте маңызды.
Ол үшін қайтпек керек? Әрине, ол үшін ғаламжелідегі бәсеке талабына лайық, ұлт тіліндегі рухани сұрыпталған өнімдерді көбейту қажеттілігі басты міндеттің бірі екені белгілі.
Осы орайда, бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығында болдық. Шара «Шығармашылық индустрияны дамыту келешегі және зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық әдістері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысына дайындық аясында өтті.
Кездесу орталықтың жұмысымен танысудан басталды. Сондай-ақ, әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияның әлеуетімен жүзеге асырылған жасанды интеллект саласына мемлекеттік тілді кіріктіру және мемлекеттік тілді әр түрлі аудиторияларда оқытудың озық тәсілдерін әзірлеу мәселелері туралы орталық қызметкерлерімен, сарапшы-ғалымдармен және ІТ мамандармен пікір алмастық.
Руслан РҮСТЕМОВ
11 қаңтар 2024 ж. 1 469 0