№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде жарық бағасы қымбаттады

Елімізде жарық бағасы қымбаттады

Пандемия барлық салаға қиындықтар алып келгені рас. Көптеген дүниенің құны қымбаттап жатыр. Бірінші сәуірден бастап электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15%-ға артады. Қоғамның бүкіл тамырына жан бітіріп тұрған электр қуатын өндіретін Қазақстанда қазір 45 ұйым  өз тарифін өсіруге былтырдан бастап талап қылуда. Нарық заңы солай. Коммуналдық тарифтердің ақысы да айтарлықтай өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда электр жарығы 15,5 пайызға көтерілді.
1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері оларды жаңғыртуды қаржыландыру үшін орта есеппен 15%-ға артады, деп мәлімдеді ҚР энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов.
Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның (ЭӨҰ) 37-сінің шекті та­рифтері 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанғанымен  екі еседен астам төмендетілді. Яғни, 15%-ға қымбаттағалы отырған  бағасыхалықтың жағдайын ескеруден туған жеңілдік деп есептейді саладағылар.
Министрліктің мәліметінше, Қазақ­станның энергетикалық көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары пайдалануға берілген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы энергетикалық активтердің тозуы 53% – ды құрайды. Тиісінше, өндіру секторындағы негізгі шығындар оларды жұмыс жағдайында ұстауға бағытталды – станцияның көпшілігінің кірістілік деңгейі нақты шығындардан төмен.
– Жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты электр станцияларында жүргізіліп жатқан жөндеу компа­ния­ларының сапасы ерекше алаң­даушылық туғызады. Өкінішке орай, шекті тарифтерге салынған жөн­деу науқандарына жұмсалатын шығын­дардың рұқсат етілген деңгейі қа­жеттіліктерді толық көлемде өтемейді, – деп атап өтті Рахимов.
Толық қаржыландырылмағандықтан апаттар мен техникалық ақаулық­тардың  өсуі байқалады. 2020 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 4 458 техно­логиялық бұзылулар орын алған. (2019 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен). Әрбір ірі технологиялық тежеліс – Қазақстанның бүкіл энергетикалық жүйесіндегі апат тәуекелі.
Электр станцияларындағы шекті тарифтерді уақтылы түзету оларды жаңғырту жұмыстарын сапалы жү­зеге асыруға, сондай-ақ 2021-2022 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өту және авариялық жағдайларды азайту үшін уақтылы және толық көлемде жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, тарифтерді қайта қарау 45 энергия өндіруші ұйымның өндірістік персоналының шамамен 23 мың жұмыс орнын сақтауға көмектеседі, олар жүйелі, сапалы қызметін жалғастырып, тұтас елдің тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
Сайып келгенде, жарық құнын көтерудің негізгі себептері электр энергиясына шекті тарифтердің өсуі және электер энергиясын тасымалдауға қатысты бағаның көтерілуінен туып отыр екен.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, электр энергиясының тиімді бағасы қосылған құн салығынсыз 7,2 пайызға өсіп, 18,92 теңгеге дейін төмендетілді. Сонда жеке тұлғалар үшін электр энергиясының бағасы 7 тиынға өсіп отыр. Ал, заңды тұлғалар жарық үшін 23,3 теңге төлейтін болады.       
2020 жылдың қорытындысына сәйкес, елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі 107,3 млрд киловатт сағатты құрап, отандық электр стансалары 108 млрд кВт электр энергиясын өндірген. Министрліктің дерегіне сүйенсек, электр стансаларының жалпы белгіленген қуаты қаңтарда 23,6 мың мегаватты құрады. Бұл ретте 2020 жылғы қарашада электр жүктемесінің жылдық максимумы 15,6 мың мегаватты көрсеткен еді. Өндіру құрылымындағы отын түрлері генерациялайтын көздердің үлесі келесідей. Мәселен, көмір – 68%, газ – 20%, су электр стансалары – 9% және жаңғырмалы энергия көздері – 3 %.
Осы тұста аудандағы электр бағасының қаншалықты қымбаттағанын білу мақсатында «Шиелі жарығы» ЖШС-нің Жаңақорған аудандық филиалының басшысы Жасұлан Амалбековпен тілдескен едік.
– Қазақстан Республикасы Ұлттық эканомика министрінің 01.02.2017 жыл­ғы №36 бұйрығымен бекітілген  «Қо­ғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының» 13 бабын басшылыққа ала отырып Шиелі жанығы» ЖШС өз тұтынушыларына 01.04.2021 жылдан бастап электр энергиясының тарифтерінің өзгергені белгілі.
– Орташа босату (базалық) тарифі 1 квт сағатына – қосымша құн салығынсыз – 16,88 теңгеге, қосымша құн салығымен – 18,9056 теңге.
– Жеке тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 17,83 теңге ҚКС-мен
– Заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі – 19,86 теңге ҚКС-мен болып бекітілді.
Әсел Рзаева
25 сәуір 2021 ж. 1 464 0