№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмыспен қамту межесі

Жұмыспен қамту межесі

  Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 2900 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 2860 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 100 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда:
-Тұрақты жұмыс орындарына- 1258 адам;
-әлеуметтік жұмыс орындарына-171адам;
-жастар практикасына-329 адам.
-Қоғамдық жұмыс орындарына-1102  адам;
  2020 жылы 2046 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 1855 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде уақытша жұмыс орындары 381  болса, 1606 тұрақты немесе 86,1 пайыз (жылдық жоспардың 90,7%).
Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналасқандардың ішінен хабарласқандар 137 болса жұмысқа орналасқаны 47 немесе
34,0 пайыз. Оның  ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 91, жазасын өтеп келгендер – 46. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 18
(оның ішінде 3 адам жаңа бизнес идеяларды бастау үшін мемлекеттік грант алды, 1-несиелендірілдіи) (жоспар-41) есептік кезенге 39,0 пайыз. Есептік кезенге жоспардың орындалмау себебі Еліміздегі карантин режиміне байланысты жұмыс берушілердің жұмыстары тоқтатылып, Бағдарлама қатысушылардың саны кеміді, жазасын өтеп келгендер -35.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік  бағдарламасы бойынша
 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бұл  бағыт бойынша:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауаудандық білім бөлімі арқылы 9-11 сынып бітірушілерге қыркүйек айынан бастап басталады.
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға (қайта даярлауға)  барлық ауылдық округтерден 77 адам кондитер, газэлектродәнекерлеуші, автослесарь  мамандықтары бойынша  жинақталып, ағымдағы жылдың  шілде, тамыз айларында Жаңақорған ауданының аграрлы-техникалық коледжіне 3 айлық қысқа мерзімдік курсқа жолдама берілді. Оның ішінде жастары-45, әйелдер сан-25. Есептік кезенге және жылдық жоспар
100 пайыз орындалды.

3) Ағымдағы жылы ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 270  адам жолдау жоспарланып, осыған 300 адам жолданып, 243 оқуын аяқтады деген сертификат алған, 23 қатысты деген сертификат алған, 34 қатысушы мерзімінен бұрын оқудан шығарылған. Оның жастары-173.   
         Екінші  бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
        Бұл  бағыт бойынша: 
«Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға Республикалық бюджеттен 589 адамға
324 692,0 мың теңге, қаржы қаралды. Игерілгені 253 918,0 мың теңге немесе 78,0 пайызға игерілсе. Осыған  589 адамға мемлекеттік грант берілді. Жастар саны-201, әйелдер саны-387.

Несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы ауданға барлығы 368 250,0 мың теңге қаржы бөлініп 106 адамға және сонымен қатар «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 7 адамға барлығы 111 кәсіпкерге несие алу үшін жолдама берілді.
        Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыру.
 Бұл бағыт бойынша: Бұл бағыт бойынша:
1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері  Республикалық бюджеттен 61384,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған  120 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 56 жұмыс берушіге 171 адам жұмыс орындарына жолданды. 72 адам мерзімінен бұрын бас тарып, 62 тұрақты жұмысқа орналасты. Жылдық жоспар 141,6 пайызға, қаржысы есептік кезенге 27 660,0 (жоспар 31 384,0 мың теңге) 88,0 пайызға орындалды.
         2)  Жастар практикасын ұйымдастыруға  Республикалық бюджеттен 125 657,0 мың теңге қаралға. Осыған  315 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 109 жұмыс берушіге 329 жас түлек жұмыс орындарына жолданды. Осыдан мерзімі аяқталған 52 – адамнан тұрақты жұмысқа орналасқаны -30. Есептік кезенге игерілген қаржы 57692,0 мың теңге немесе 100 пайыз.
3) Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға жаңа жоспар бойынша 1279 адамға жергілікті бюджеттен 27 160,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 194 800,0 мың теңге қаралып, бүгінгі таңға 1102 адам жолданды. Есептік кезеге жергілікті бюджет 100 пайыз республикалық бюджет 99,9 пайызға игерілді.  Әйелдер саны-753, жастар саны-291. Мерзімінен бұрын бас тартып, тұрақты жұмысқа орналасқаны- 9. Есептік кезенге 163 пайыз.
06 қараша 2020 ж. 502 0