Бас аман болса, бас қосатын жиын қашпайды
БАС АМАН БОЛСА,
БАС ҚОСАТЫН ЖИЫН ҚАШПАЙДЫ
Бүгінде коронавирус әрбір қазақтың шаңырағына құрығын салып, зияны мен залалын келтіруде. Енді еңсерудің жолы қандай? Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың сөзі өтімді, ойы ұтымды, пікірі пайымды ел ағаларымен жүздесу барысындағы әңгіме өзегі осы тұрғыда өрбіді.
– Үй жағдайында емделіп жатқан адамдарды анықтап, емдеу алгоритімі жолға қойылды. Оларға дәрі-дәрмек егу қажет пе, әлде стационарлық бақылауға алу керек пе, осыны анықтап, іске кіріскен жөн. Ол үшін әкімдік жанынан Call-орталық ашып, қызметтік көліктерді осы іске бағыттадық. Күніне 22-4-34 телефон нөміріне 50-70 адам хабарласып, қызмет алуда. Осы күнге дейін медицина мамандары үйінде емделіп жатқан 18 науқасты стационарлық бақылауға жатқызды, – деп бастады сөзін аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы.
Басқосудың негізгі мәні – эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жолы жөнінде сөз болды. Әкім мұнын жолын былай түсіндірді:
– Біріншеден, қазір стационарлық бөлімдер ашу маңызды. Осы бағытта жұмыстар атқарылуда. Емхананың ескі ғимараты іске қосылды. Қазір стационарда 262 адам бақылауда жатып, тиісті ем-домын алуда. Қажет болса тағы да 100 орындық стационар ашуды жоспарлап отырмыз.
Екіншіден, сауда орындары мен шағын дүкендер маскалы режимде жұмыс жасайды. Егер ұстанбаса, ондай орындар жабылады. Тәртіпке бағыну шарт. Олсыз істің бәрі баянсыз болады.
Үшіншіден, ас беру, той тойлауды шектейтін уақыт келді. Көңіл айтуды телефон арқылы да білдіруге болады. Егер талапқа бағынбасақ, вируспен күресу мүмкін болмай қалады. Әр адам өзінің, жақындарының өмірі үшін жауапты. Шыны керек, бас аман болса, бас қосатын уақыт келеді. Қазір амандықты, саулықты ойлайтын кез, – деді.
«Өлімнен ұят күшті» деген есті сөзді ұстанатын жаңақорғандықтар өлім-жетімді түгендеп, жағалап жүретіні бар-тын. Бұл – қалыптасқан дағды, бойға сіңген қасиет. Ахуал реттелгенше мұны ұстанудың қажеттілігі жоқ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы COVID-19 індеті кезінде жаназа және ас өткізуге қатысты мәлімдемесін жариялады.Енді жаназа намазына бір ғана діни қызметкер қатысу, жаназа намазында тек отбасы және жақын тумаларының ғана болуы, жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау, жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалардың жаназа намаздарына қатыспау, қонақ асын өткізбеу және т.б ұстану міндет. Құдайы асқа (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптарға астарды өткізбеу немесе жақын туған-туыспен ғана шектелу керек, бір ғана діни қызметкердің қатысу, санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтау жатады.
Қазіргі пневмония – коронавирустың мутацияға ұшыраған, жетілген түрі деуге болады. Оны иммунитеті төмен адамдар көтере алмай, о дүниеге кетіп қалуда. Расында қаншама жақсы, жайсаң адамдар арамыздан кетіп қалды. Сақтанайық! Сақ болайық! Дәрігерге уақытында қаралып, иммунитетті көтеретін дәрумендер мен дәрілерді қабылдау керек...
Бүгінде ел арасында түрлі әңгіме бар. Бірі өлімге дәрігер тікелей қатысты деп, жөнсіз сынап, мінеуде. Ал екіншілері алдынғы шепте қызмет ететін дәрігерлерді дәріптеп, адал еңбектеріне алғыс білдіруде. Ел зиялылары осы турасындағы ойларын ортаға салды.
– Адамдар өздерінің саулығы үшін аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ дәрігерге хабарласып, тиісті ем-дом алу керек. Ал өз бетінше емделудің екі қыры бар. Біріншіден, әр адамның ағзасы екпе мен дәріні әртүрлі қабылдайды. Біріне жақсы әсер етеді, екіншісінің өзге ауруларын қоздырып жібереді. Екіншіден, өз бетінше емделіп жүріп, уақыттан ұтыламыз. Яғни асқындырып аласыз. Өлімнің көп жағдайы асқындырып алғаннан орын алуда, – деді аудан басшысы.
Дәріханаларға дәрі-дәрмек жақын арада жеткізіледі. Бірақ оны бақылау әкімдіктің құзырына кірмейді.
– Емханалар мен ауруханаларда дәрі-дәрмек қорын сақтауға күш саламыз. Call-орталық арқылы үйде емделетін науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін боламыз, – деді С.Мақашов.
P.S.: Басқосуға келген ел ағалары көтерілген мәселелерді насихаттап, эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосатынын айтты. Бұған әрбір аудан тұрғыны атсалысуы тиіс. Біз сонда ғана жеңеміз, қиындықты еңсереміз!
Нұрлат Байгенже