№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » CАLL орталық – сапалы қызмет көрсету тетігі

CАLL орталық – сапалы қызмет көрсету тетігі

Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың бастамасымен Cаll-орталық іске қосылды. Аудан әкімдігінің жанынан құрылған орталыққа тұрғындар хабарласу арқылы үйден ем алып, сауығып кетуіне болады.

Жаңақорған кенті тұрғындарының қауіпсіздігін күшейту мақсатында медициналық көмек көрсететін төрт жылжымалы бригада автокөлікпен қамтамасыз етілді. Енді олар тұрғындарға тез әрі сапалы көмек көрсетуге міндетті.
Кент тұрғындары 09.00-ден 18.00-ге дейін 22-4-34 телефон нөміріне хабарласып, дәрі-дәрмек алдыруға және екпе салдыра алады.
Айта кететіні, бұл қызметті жедел-жәрдеммен шатастырмау керек. Яғни үйінде өз бетінше ем қабылдап, сырқаттанып жатқан азаматтардың сауығып кетуіне бағытталған қызмет түрі.
Cаll-орталық жауапты маман – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Қуаныш Нарзілдәұлы:
– Жылжымалы медициналық бригаданың қызметін алу үшін Call-орталыққа хабарласушылар саны артып келеді. 2 шілдеде 59 тұрғын хабарласып, қызмет алды. Ал 3 шілдеде 66 адамға медициналық көмек көрсетілді. Кейбір үйлерде сырқаттанып жатқан 2-3 адам қызметті пайдаланды, – дейді.
Коронавирус басталғалы алдынғы шепке медицина мамандары шығып, халыққа қызмет көрсетуде. Cаll-орталық аудан әкімдігінің жанынан ашылғанымен, негізгі күш денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне түсетіні анық.
Құрылған төрт бригада құрамында Нариман Ибадуллаев, Аяужан Абдугаппарова, Бағдат Дүйсенов, Меруерт Тұрдәлі сынды тәжірибелі мамандар бар. Олардың қызметі қауырт. Бір жағынан, жауапкершілікті талап етеді. Бұл жөнінде Жаңақорған аудандық емханасының мейірбикесі Аяужан Абдуғаппарова айтып берді.
– Қазір үйінде өз бетінше ем алып жатқандар көп. Тұрғындар Call-орталық жайлы естігелі хабарласушы адамдар саны артты. Қазір күніне 50-ден аса қоңырау түседі. Әрбір науқасқа барып, жылы сөзбен қатар, нақты ем-дом жасап, тиісті екпе егіп, жазылып кетуіне мән беріп, сапалы қызмет көрсетуге күш салудамыз, – деді ол.
Аудан әкімінің шұғыл қабылдаған шешіміне тұрғындар да дән риза. Соның бірі – Жұмабек Қосдәуров. Ол:
– Аудан басшысының дер кезіндегі шешімі көп адамға демеу берді. Иммунитетті көтеретін системаны мен екпе жұбайымыз екеуіміз салдырып алып, көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Осындай қолдау болса сынақты еңсеріп, қиындықты артта қалдырамыз, – деді.
Кент тұрғыны Айгүл Ділдаева әкімнің ұтқыр шешімі халықты қолдаудың тиімді тетігі екенін атап айтты. Әлеуметтік желіде Омар Әбдіразақ, Сұлушаш Айтбаева, Қымбат Сәпиқызы және т.б Call-орталықтың жұмысын жоғары бағалапты.
Алдағы уақытта бригада саны артуы мүмкін. Мұны ауданның бас дәрігері Яхия Шорабеков айтты.
– Call-орталық іске қосылған бірнеше күнде хабарласушы адамдар саны артып келеді. Әрбір тұрғынның денсаулығы назардан тыс қалмайды. Тиісті көмек көрсетіледі. Оны жүзеге асыратын білікті дәрігерлер бар, дәрі-дермек те жеткілікті. Тіпті қосымша мобильді бригадалар құруды қарастырып отырсыз, – деді бас дәрігер.
P.S.: Үй жағдайында ем қабылдап жатқан науқастың сауығып кетуіне бағытталған бастама ауданда эпидемиялық ахуалды реттеуде өз септігін тигізеді. Яғни Cаll орталық – сапалы қызмет көрсету тетігі екені анық.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
04 шілде 2020 ж. 645 0