№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алтын қолды Аяужан

Алтын қолды Аяужан

АЛТЫН ҚОЛДЫ АЯУЖАН
Жуырда аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың бастамасымен Call-орталық құрылып, мобильді медициналық бригада үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға қызмет етуді бастады. Осы бригада игілігін көрген кент тұрғындары медицина мамандарының тынымсыз ісіне ризалығын әлеуметтік желі арқылы білдіруде. Халық құрметіне бөленген Аяужан Абдиғаппарованың бір күнін әңгімеге арқау етпекпіз.
«Жылы сөз – жанға дауа», «Емнің асылы – адамгершілік», «Аурудың емі – саудың сәлемі». Осындай тәмсілден тәлім алып, науқастарға жылы сөйлеп, ем дарытуға күш салу абзал. Халық саулығын нығайтып, дер кезінде қажетті дәрі-дәрмектерін қабылдау үшін ертелі-кеш еңбек етіп жүрген медициналық бригада мүшелерінің тынымсыз тіршілігін сөзбен түю мүмкін емес. Таңғы сегізден бастап Саll-орталығына қоңырау түсіп, медбикелерді шақырып жатады. Күніне 50-70 науқастың мекен-жайына барып, екпелерін салып, саулығын тілеп жүрген жандар арасында Аяужан Абдигаппарованы емделушілер «алтын қолды Аяужан» деп атап үлгерді.
Халық айтса қалт айтпайтыны белгілі ғой. Аяужан шынында да өте мейірімді мейірбике. «Аузын ашса жүрегі көрінердей ақ пейілді. «Қамықпаңыз, әлі ақ жазылып кетіп, бұл күнді ұмытып кетесіз» деп науқасқа сенім ұялатуында да үлкен мән бардай.
– Науқасқа ең алдымен психологиялық тұрғыдан қолдау беру маңызды. Халық қатерлі індеттен саналы түрде сынып қалған. Осындай кезде біз секілді медициналық қызметкерлер халыққа рухани қолдау білдіріп, ешқашан жалғыз емес екенін сезіндіруіміз керек. Әрине, жеке бастың қауіпсіздігін, ортаның қауіпсіздігін ұмытпауымыз да маңызды, – дейді мейірбике.
Аяужан Абдигаппарова өзге әріптестері секілді белгілі аймақтағы науқасқа ем-дом жасап, ине егіп, система салады. Кейде кентте науқас саны артып, бір-екі науқасқа баруға үлгермей қалған әріптестеріне көмекке келіп, уақытпен санаспай қызмет көрсетіп, ел алғысын алуда. «Бүгін емімді ала алмай қаламын-ау» деген тұрғынның үмітін үкілеп, кешіктірмей емін жалғастыруға колын созуда.
Сондай тұрғынның бірі – Қанат Сұлтанхожаев: «Күнделікті емімді осы бригада көмегімен алып, үйде емделдім. Аяужан мейірбике білікті, әрі тәжірибелі маман екен. Біз секілді ауруларға сенім ұялатып, салауаттылықты насихаттап, еммен бірге еңсе тіктеуге күш берді» – дейді.
«Әрбір қазақ – менің жалғызым» деген пейілді ұстанған ақ қалаттының қарекетіне адам сүйсінеді. Еңбегіне адал, науқастарға қамқор болып жүреді. Қызылорда қаласындағы медициналық колледжінде мейірбике мамандығын алып, кіндік қаны тамған жерде еңбек жолын бастауының сыры туған жерге деген перзенттік парызында жатқандай.
Бейнеткеш жан туралы Саll-орталығының операторы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Қуаныш Нәрзілдаұлы:
– Аяужан Абдигаппарова бригададағы ең жауапкершілігі мол, ісіне адал маманның бірі. Кесте бойынша кешкі сағат 18.00-де жұмыс аяқталғанымен, кей жағдайда тұрғындар белгіленген уақыттан кеш хабарласып, медбике жіберуді сұрайды. Осы сәтте адамгершілік тұрғыдан Аяжан көмекке келеді. Әрине мұндай маманды қалай дәріптесек те жарасады, – деді.
Ол 2014 жылы аудандық емханада жалпы практикалық мейірбикесі қызметіне кіріскенде туған елдің саулығын арттыруды мақсат етті. Міне, асыл арманмен ел алғысына бөленіп, көпшілікке үлгі болып жүр.
– «Халықтың ризашылығы жұмысқа деген құлшынысты артырып, алдағы күнге айқын мақсат құруға жетелейді. Халықтың денсаулығы бәрінен маңызды. Бастысы ем қонса игі», – дейді ел алғысына бөленген жан.
08 шілде 2020 ж. 2 014 0