№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Коронавирус: Қазақстанда стационарлық карантинде жатқандардың саны 1400-ден асты

Коронавирус: Қазақстанда стационарлық карантинде жатқандардың саны 1400-ден асты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазіргі уақытта ел аумағында 1400-ден астам азамат стационарлық карантинде, ал 545 азамат үй карантинінде жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz сайты.
«Жалпы ел бойынша қазіргі таңда 1400-ден астам азамат стационарлық карантинде, ал 545 азамат үй карантинінде жатыр. Тағы басқа мемлекеттен келіп жатқан азаматтар үш санат бойынша бақылауда немесе жалпы есепте тұрады. Осы жағдайға байланысты қажетті іс-шаралар мемлекеттік деңгейде ведомствоаралық комиссияның шешімімен қабылдануда. Өздеріңізге мәлім, жалпы үлкен шараларға тыйым салынып, олар тоқтатылды. Қазір қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар енгізілуде. Әрине, біздің негізгі мақсатымыз – осы коронавирус инфекциясының таратылуын тоқтату. Бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қажетті барлық шараны қабылдауда», – деді Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.
Оның айтуынша халық көп жиналатын орындарда арнайы шаралар күшейтілген. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген азаматтарға байланысты барлық бақылау шарасы енгізілді.
Айта кетсек бірер минут бұрын ғана Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін, жаңадан жұқтырғандардың бірі Сеулден ұшып келгенін хабарлаған еді.
16 наурыз 2020 ж. 908 0