Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Назарбаев Путинге сайлауда сәттілік тіледі

Назарбаев Путинге сайлауда сәттілік тіледі


Мемлекет басшысы Орта Азия елдерінің басшыларымен кездесу барысында, Ресейде 18-наурыз күні өтетін президент сайлауына қатысты да пікірін білдірді
.

Мемлекет басшысы, өз кезегінде, Астанаға келген Орта Азия мемлекеттері басшыларының елдер арасындағы ынтымақты нығайтудағы ерен еңбектерін атап өтіп, оларға зор алғысын білдірді.
Сондай-ақ, елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің де аталған саладағы роліне тоқталып өтті.
"Әрине, біз Орта Азия мемлекеттері бәрінен бөлекпіз деп, осылай оқшауланудан аулақпыз. Мәселен, біздің Ресей мен Қытай сияқты алып көршілеріміз бар. Біз олармен де тығыз қарым-қатынасымызды одан ары жалғастыра бермекпіз. Сонымен қатар, Ресейде өтетін президент сайлауының жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз және осы саяси науқанда Владимир Путинге сәттілік тілейміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, 18-наурызда Ресей Федерациясында президент сайлауы өтеді деп күтіліп отыр.
15 наурыз 2018 ж. 1 438 0