Қызылорда облысында ірі жол апатынан 5 адам көз жұмып, 3 адам зардап шекті
Қызылорда облысы Жосалы кентінде жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Апат 5 адамның өмірін қиды, тағы үшеуі ауруханаға түсті.
4 адам оқиға орнында қайтыс болды. Облыстық ПД мәліметінше, «Мерседес» жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 5-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жүргізуші апаттан аман қалып, тіпті зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" хабарлайды.
Тергеушілердің сөзіне қарағанда, жүргізуші Қырғызстан азаматтары мінгн Toyota көлігіне жол бермеген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, Қармақшы аудандық ауруханасына мамандар жіберілді.
Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза болғандардың екеуі және зардап шеккендердің барлығы Қырғыз Республикасының азаматтары. Олар аудандық ауруханада өте ауыр жағдайда.