№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Арыс қаласында жойқын жарылыс болды

Арыс қаласында жойқын жарылыс болды

Арыс қаласында болған жарылыстардан кейін 34 адам дәрігерге жүгінді, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газетінің тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп. 

Арыс қаласындағы жарылыс: Дәрігерге 34 адам жүгінді
Түркістан аудандық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір зардап шеккендердің қалай жарақаттанғаны анықталып жатыр. 
"Ордабасы ауданының орталық ауруханасына жарақат алған 34 адам жүгінді. Олардың барлығы тексерілді", - деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді. 
"24 маусым күні Арыс қаласында орналасқан ҚР Қарулы күштер арсеналында жарылыс болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 
Тұрғындар оқиға орнынан видео жариялап жатыр. Кадрлардан тұрғындарды жаппай көшіп жатқанын көруге болады. 
24 маусым 2019 ж. 1 213 0