Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Отағасы әйелінің туған күнінде өз-өзін өртеп жіберді: тағы 13 адам зардап шеккен

Отағасы әйелінің туған күнінде өз-өзін өртеп жіберді: тағы 13 адам зардап шеккен

Зардап шеккендердің төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, бес бала мен төрт адамға иіс тиіп қалған

Павлодар облысы Ақсу қаласында ер адам өз-өзін өртеп жіберді: бір адам қаза тауып, он үш адам зардап шекті, деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.

3 сәуірде кешкі сағат 20:51-де Ақсу қаласы Б. Момышұлы көшесінде жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы белгілі болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қаза тапқан ер адамның әйелінің туған күні екен. Қонақтар дастархан басына жиналғанда, 50 жастағы үй иесі кетіп қалады да, бес литр бензин әкеліп, балаларды басқа жаққа алып кетіңдер дейді.
Әйелі оның айтқанын орындаған бойда ер адам сіріңкені жағып, өзін өртеп жіберген. Оны тоқтатуға тырысқан достары күйік алып, Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Ер адамның өзі қаза тапқан, онымен бірге 13 адам зардап шекті: төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, бес адам мен төрт бала иіс газынан уланып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.
Өрт аумағы 30 шаршы метр болды. Үш бөлмелі баспананың ас бөлмесі, жиһаз, тұрмыстық техника және басқа заттар түгел жанып кеткен. Үйдің шатыры да опырылып құлапты.
04 сәуір 2019 ж. 1 288 0