Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Құмырсқаның азығы

Құмырсқаның азығы

Былай хикая етілді: 

- Сүлеймен алейһиссалам бір құмырсқадан былай сұрады: 

- Бір жылда сенің жейтін азығың қаншама? 

Құмырсқа былай деді: 

- Бір жылда жейтінім бір бидайдың дәні. 

Сүлеймен алейһиссалам сол құмырсқаны бір қыш құмыраның ішіне қойды, қасына бір бидайдың дәнін тастады да құмыраның аузын бекітті. Арада бір жыл өткеннен соң құмыраның аузын ашты: Қараса әлгі құмырсқа бидайдың дәнінің жартысын ғана жеген екен! 

Сүлеймен алейһиссалам құмырсқадан сұрады: 

- Мына бидайдың жартысын неге жемедің? 

Құмырсқа былай деді: 

- Бұдан бұрын Ұлы Аллаға тәуекел ететін едім, жылдық рызығымды ұмытпайды. Бірақ мына құмыраның ішінде саған сенген соң мына бидайдың дәнінің жартысын жедім. Егер мені ұмытқаныңда, келер жылы қалғанын жейтін едім.

Материал vk.com порталынан алынды.
15 шілде 2019 ж. 908 0