Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ШҚО-да жолаушылар пойызы жеңіл көлікпен соқтығысты (фото, видео)

ШҚО-да жолаушылар пойызы жеңіл көлікпен соқтығысты (фото, видео)


Шығыс Қазақстанның Серебрянск қаласында жолаушы тасымалдайтын пойыз құрамының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Күәгерлердің сөзінше, жетінші сәуір күні Серебрянск қаласының темір жолында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысқан.
Желіде пайда болған бейнежазбадан жеңіл көлік жүргізушісінің пойыз келе жатқанына қарамастан темір жолдан өтіп кетпек болғанын көруге болады. Алайда ол үлгермеген.
Желі қолданушыларының сөзінше, пойыз көлікті біраз жерге дейін сүйреп әкеткен.
Көлік жүргізушісі тірі, бірақ көптеген жарақат алған.
Әзірге полиция оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

ДЕРЕККӨЗ: nur.kz сайтынан.

08 сәуір 2019 ж. 1 099 0