Жамбыл облысында рельстен шығып кеткен пойызды тергеуге ресейлік мамандар келді
Жамбыл облысында ҚР СІМ көлік комитетінің басшысы Әсет Асаубаев пен "ҚТЖ" ҰҚ АҚ басқарма басшысы Қанат Алпысбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Олар 17 маусымда Астана-Алматы пойызының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.
Комиссия төтенше жағдай болған жерді тексеріп жатыр.
"Одан бөлек, комиссия жүк құрамасын ұйымдастырды, ол жолаушылар пойызы рельстен тайып кеткен жерге көрші жолда жүрді. Сараптама пойыздардың бір-бірімен түйісу мүмкіндігін жоққа шығарды. Жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соңғысы жолдан тайып кеткен соң ғана бір-бірімен жанасқан. Тергеу жұмысына қазақстандық және ресейлік жетекші мамандар жұмылдырылды. Олар пойыз оқиғасын ғылыми-техникалық түрде зерттеп, модельдеу жұмысымен айналысады. Сарапшы жұмыстарының нәтижесін комиссия оқиғаның себебін анықтаған кезде ескереді. Тергеу нәтижесі бойынша шара қолданылады", – деді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Көлік комитеті темір жолдың барлық торабына бағытталатын пойыз қозғалысының қауіпсіздігін күшейтті.
"18 маусым 14:30-да оқиға орнында қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары басталды, тоғыз техника бірлігі, 300 қызметкер жұмылдырылды. Жұмысты 23:00-ге дейін аяқтау жоспарлануда", – деп хабарлады министрлік.
Пойыздар екінші жолмен жүріп жатыр.