№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Филиппинде пойыз жолымен жүретін заңсыз көлік түріне сұраныс көп

Филиппинде пойыз жолымен жүретін заңсыз көлік түріне сұраныс көп

Филиппин астанасында жолаушылар тасымалдайтын тағы бір қызықты көлік түрі кеңінен таралған деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар – теміржолмен жүретін кішкене арбалар. Бұл көліктер заңсыз жұмыс істесе де үлкен сұранысқа ие. Себебі 13 миллион тұрғыны бар Манилада электр пойыздар жолаушыларды тасымалдап үлгермейді. Оның үстіне қаржы тапшылығынан шаһардағы олардың бағытының үштен екі бөлігі қысқарған. Сондықтан жұмысына асыққан адамдар үшін теміржол арбалары таптырмас көлік. Төте жолмен жүретіндігі тіпті тиімді. Бірақ электр пойызы келе жатқанда арбаны жолдан алып, өткізіп жіберу қажет.
Йюн Албеза, арбакеш:
– Бәріміз электр пойыздан қорқамыз. Ылғи алды-артыңа қарап, жолды бақылап отыруың керек. Сондықтан жұмыстан қатты шаршайсың. Тіпті мойыныңды бұра алмай қаласың.
Ал арба жүргізушілер заңсыз кәсіптің қауіпті екенін жоққа шығармайды. Бұл үшін үстілеріне сары жейде киіп, теміржолда барынша абай болуға тырысатындарын айтады. Содан болса керек, осы уақытқа дейін электр пойыздың арбамен соқтығысқаны жайлы бірде-бір оқиға тіркелмеген.



02 ақпан 2019 ж. 785 0