№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұмар жайлы не білесіз?

Тұмар жайлы не білесіз?

   Қаскүнемдер Мұхамбет пайғамбардың көзін құртуды ойлайды. Олар балшы, сиқыршы, құмалақшы, дуакештің бәріне барып дуа жасатады. Бірақ сыртынан сан рет сиқыр жасатса да, пайғамбарға әсері болмайды. Сол заманда Йемен жерінде мыстандығымен аты мәлім бір жәдігөй кемпір болыпты. Ол біреудің сыртынан дуа жасаса, ол адам заматта өледі екен. Залымдар соған барады. Кемпір:
– Маған Мұхамбеттің шашын әкеліп беріңдер, – дейді. Залымдар:
– Оны қалай аламыз? – деп басы қатады. Кемпір пайғамбардың қызметшісі арқылы Мұхамбеттің тараққа тұрып қалған бірнеше тал шашын қолға түсіреді. Шашқа сиқыр жасап, түйіншекке түйіп, Зәруан атты құдыққа жасырады. Ертесіне пайғамбарды науқас меңдейді. Бұл кезде сиқырды сындыратын сүрелердің әлі түспеген кезі екен. Бұл мазасыз хал бірнеше күнге созылып, қауымдағы барлық мұсылманға кері әсер етеді. Ұлық Алла оны дуасынан айықтыру үшін Жебірейіл періштені жұмсайды:
– Мені саған Алла жіберді. Жаңа уахи ала келдім. Бұдан былай сиқыр оқып, дуа жасаса, «Фәлақ» пен «Нас» сүрелерін оқисың. Саған жасалған дуа құдықта жатыр. Соны алдыртып, екі сүрені оқы, – дейді. Әубәкір Сыдық Зәруан құдығынан пайғамбардың дуа жасалған шашын әкеледі. Шаш он бір жерден түйілген екен. Пайғамбар «Фәләқ» сүресінің бес аятын, «Нас» сүресінің алты аятын оқығанда он бір түйін шешіледі. Пайғамбар ауруынан құлантаза айығады.Осыдан бастап мұсылмандар екі сүрені оқып, сиқыр мен дуадан сақтанатын болыпты. Қазақтар да бұл тәсілді әліге дейін қолданып, дуадан айығып жатады. Кей кездері аталмыш екі сүрені молдаға жаздыртып, бойтұмар етіп тағып жүреді.
Тұмар тағуға байланысты мұсылман қауымына кең тараған тағы бір аңызда былай баяндалады: Мұхамбет пайғамбардың заманында Тафашат атты бір көзі соқыр әйел болыпты. Егер ол тасқа назар салса, тас уатылып кетеді екен. Адамға назар салса, ол заматта құлайтын болыпты. Кәпірлер Мұхамбет пайғамбарды мұқату мақсатымен атышулы әйелді оның немерелеріне айдап салады. Тафашат Асан мен Үсенге назар салғанда олар қалтырап-дірілдеп, естерінен танып қалады. Бұл пайғамбардың көңіліне қайғы салады. Сол сәтте Жебірейіл періште бір дұға жеткізіпті. Ол «Аятүл күрсі» дұғасы екен. Пайғамбар «Аятүл күрсіні» оқып үшкіргенде Тафашаттың сиқыры сынады.
Осыдан кейін пайғамбар «Аятүл күрсі» дұғасын қағазға жаздыртып, екі немересінің мойнына тұмар етіп іліпті. Аңыз бойынша тұмарды ең бірінші Асан мен Үсенге таққан екен.
«САЛТ-ДӘСТҮР СӨЙЛЕЙДІ» кітабынан, 101 бет.

 Айшуақ Дәрменұлы фейсбук парақшасынан
15 наурыз 2019 ж. 1 851 0