№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сюртсей – ең жас арал

Сюртсей – ең жас арал



 Сюртсей – Исландиядағы елсіз арал. Ол 1963 жылы 130 метр тереңдікте көлбей жатқан су асты жанартауының атқылауынан пайда болған. Қазір Сюртсейде ғылыми бақылаулар жүргізіліп жатыр. Сондықтан оған баруға тыйым салынған. Зерттеулердің дені мұндай экожүйе адам қатысуынсыз қалай пайда болғанына арналған. Аралға аяқ баспас бұрын әр адам мұқият тінтуден өтеді, себебі ең негізгі ереже – Сюртсейге ешбір дән мен тұқымды әкелмеу. Бақылау мен тәжірибелердің таза өтуі үшін осындай ережелер енгізілген. Ғылыми сараптамалар көрсеткендей, бұл аралда алғашқы тіршілік иелері, бактериялар мен түрлі микроағзалар, жанартау атқылай бастағанда пайда болған. Кейін уақыт өте келе мұнда өсімдіктер де өсе бастады. Басында мүктер мен қыналар пайда болған, ал 2008 жылға қарай аралда 69 түрлі өсімдіктер анықталды. Бұл Сюртсей төбесінен ұшып өтетін, аралға келіп қонатын құстардың әсері. Неге десеңіз, құстар мұнда саңғырықтары мен қиын қалдырып кетеді. Ал олардың құрамында органикалық және минералды заттардан бөлек,  қорытылмай қалған өсімдіктердің тұқымдары бар. Зерттеулер көрсеткендей, 75% тұқымды құстар әкелген екен. Ал қалған 14%-ы жел арқылы, 11%-ы су арқылы келген. Тіршілік ортасының мұндай дамуына қарамастан аралда эрозия процесі бар. Пайда болғаннан бері Сюртсейдің көлемі екі есе кішірейген. Жоғалған бөлік тефралық шөгінділерден тұрған. Олар жағадағы судың әсерінен тез шайылып кетеді. Қалған бөлікте эрозияға төтеп бере алатын лава қалдықтары жатыр. Соның арқасында Сюртсей әлі де арал қалпында.
Massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 471 0