Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

БАЛЫҚШЫ ҚЫЗ



I
Сыр бойының жері көркемдік кемеліне август айының ішінде келеді. Бұл мезгілде осы өлкеде өсетін шөптердің бәрі де бойжеткен қыздай барлық сұлулық қасиетін сыртына шығарып, құлпырады: жыңғылдың «кемпірқосақ» түстес көкшіл, қызғылт-сарғыш гүлдері, шеңгелдің маржандай тізілген қып-қызыл қоңыраулары, қызылша мен қарамық мәуелері, қызылмия мен жантақтардың тамылжыған қызыл маржан сөктері, құрақ қамыстың желбіреген үкілері, ең аржағы шырмауықтардың аққудың жығасындай жарқыраған әдемі шашақтары, басқа да толып жатқан гүлді, жапырақты шөптер бәрі қосылып, бүкіл өлкені тұтас бір ғажап жасыл кестеге айналдырады.
Сол сұлу табиғаттың ортасында, сол көрікті, гүлді өсімдіктерге айнымай ұқсаған үш қыз келе жатты. Олардың киімдері де гүл түсті.
Бұлар «Құтырған» көліне баратын кішкене жолмен келеді. Жан-жағы көк шалғын шөп, баяу желмен толқып, құбылып, құлпыра түседі. Үшеу даланы жаңғырта еркін, сақ-сақ күліп, жастық мінезбен жарқын әңгімелесіп келеді. Ортадағы дөңгелек
жүзді, кірпіктері тіп-тік, қап-қара көзі ұшқын атып тұратын қара торы қыздың аты-Ақгүл. Балықшының қызы. Ал оның сол жағындағы шағын денелі, барлық қозғалысы жеп-жеңіл аққұба қыздың аты – Қарашаш. Ақгүлдің оң жағында келе жатқан жүріс-тұрысының бәрінен де байыптылық, сәнділік байқалып тұратын қызылшырайлы, от жүзді, қыр мұрынды әдемі қыздың аты – Түйме еді. Бұлардың оқып жүрген институты бір болғанымен, бойдағы жеке қасиет өнерлері әр түрлі. Ақгүл-тамаша мерген. Қарашаш – белгілі жүйрік. Ал, Түйме-жақсы парашютист.
– Атымызды өзімізге лайық неге қоймады екен, – деді Қарашаш еркелегендей Ақгүлге асыла түсіп, – сен ақ гүлге тіпті ұқсамайсың, ал саған Ақгүл деп ат қойған. Сені мен көргенде оттай жанған сұлу жігітті көргендей боламын да тұрамын. Ал, мына асынып келе жатқан қос ауыз мылтығың сені қатал солдатқа ұсатады, гүл сенің маңайыңа да жолай алмас.
Бұған Ақгүлдің өзі де рахаттана күлді де, Қарашашқа әзілмен жауап берді.
– Рас, бәріміздің де атымыз өзімізді әдейі мазақ қып қойғандай екен. Қап-қара маған Ақгүл деп, мына түйедей қызға Түйме деп ат қойған несі екен, бәсе. Қарашаш деген атыңды есітіп, сары шашыңды көргенде сені де «шырағым-ау қара шашыңды сарымен неге бояттың» деп мазақтаушылар да аз болмас.
Үшеуі тағы біраз күлісіп алды.

II
Бұлар «Сарықұмға» келіп қалған еді.
– Ал, осы жерде қырғауыл болады. Мен сендерге кешкі қонақасыны, бұйырса, осы жерден алам, - деді Ақгүл, өте бір шалттық, ыңғайлықпен мойнынан мылтығын алып жатып.
Мылтық даусынан қатты қорқатын Қарашаштың түсі оңып, селк ете кейін шегінді де, анадай жерге барып тұрып:
–Ағатай, Ақгүлжан, құлдығым, күнім атпашы мылтықты. Қойшы соны, тіпті қызға жараспайды мылтық атқан, - деп безеріп тұр.
–Беу, Қарашаш-ай, қорықпастан қорқасың-ау, ата берсін, жүр екеуміз әне жерге барып отыра тұрайық, - деп Түйме
Қарашаштың қолынан жетектеді де, төбенің екінші бауырына қарай алып кетті.
Қарашаш Ақгүлдің мылтық атамын дегенін ұнатпай әлі күбірлеп сөйлеп келеді.
– Құрсын, қызға мылтық атудың керегі не, әркім өз жарастығымен, жігіт жігітше, қыз қызша өсу керек қой, мылтық қыздың сүйкімділіген жояды. Гүл өзінің жұмсақ, үлбіреген нәзіктігімен, әсем көркімен сүйкімді. Оны сонысы үшін жұрттың бәрі иіскейді, төсіне тағады, жақсы көреді. Егер қолындағы гүл еменнің бұтағына айналса, оны кім де болса лақтырып тастайды.
– Беу, Қарашаш-ай, қайдағыны соғасың-ау, – деді Түйме оның сөзін жақтырмай,- өнердің арам-адалы жоқ, бәрі де жақсы. Жігіт өнерін қыз білсе, қыз өнерін жігіт білсе не жамандығы бар. Ешкімге ен салынып таңылған өнер жоқ, жүзін білсең көп емес. «Бір сырлы, сегіз қырлы бол», «Өнерді үйрен де жирен» демей ме әке-шешелеріміз. Өз басым өнерімнің аздығына қынжылам.
Ақгүл жақтан бір қырғауылдың пар етіп ұшқан дауысын есітіп екеуі де еріксіз жалт қараған еді. Ақгүлдің оны атқалы мылтығын кезеп тұрғанын көріп, Қарашаш «апажан-ай!..» деп Түймені құшақтай, оның тасасына тығылды. Сөйткенше мылтық даусы тарс етті. Шырқай ұшқан көкмойын қораз қанаты жайыла былғақтап жоғарыдан төмен түсіп келе жатты.
– Туһ, – деді Қарашаш таңдана, жүрегі қолға түскен торғайдың жүрегіндей дүрс-дүрс етіп тұр.
– Көрдің бе, жүр! – деп Түйме оны дедектетіп жетектей жүгірді.
Қырғауылды бұларға ұстата беріп Ақгүл:
– Мен сендерге қазір басқа бір өнер көрсетем, анау ақшеңгелдің тасасынан қарап тұрыңдар, – деді күрең қызыл жүзі нұрланып.
Бұлар сілтеген жерге келіп, ақ шеңгел тасасынан оған көз жіберуде. Қарашаш та әлгідей емес, бойын тіктеген. Екеуі ие қызыға, таңдана қарасады. «Не өнер көрсетеді бұл?» деген ой келеді әрқайсысына да.
Қарашаш таңданып:
–Қалай жігіт болып тумаған осы Ақгүл, – дейді оның қос ауыз мылтықты құлағын қайыра нық ұстап, аяғын дік-дік басқанына айран-асыр қалып.
– Жігіттен несі кем оның? – деп күлімсірейді Түйме.
Ақгүл бұлар отырған кішкене ақтөбенің етегіндегі ақбас, қамыс араласа біткен шоқ-шоқ шеңгелдін арасымен «Құтырғанға» қарай жағалап келеді. Әне, ол бір топ қалың шеңгелге жақындай бергенде оның арасынан пыр-пыр етіп төрт-бес қырғауыл бірден ұшты. Ақгүлдің мылтығын кезенуі-ақ мұң екен, түтін бұрқ етті де мылтық дауысы тарс етті.
– Ох, тиді.
Мылтық тағы тарс етті.
– Уах, тағы тиді.
Көк мөлдір аспаннан екі қырғауыл қатарласа, биік ағаш басынан үзілген жапырақтай құлап түсіп келеді. Ал, Ақгүл болса, мәз-мәйрам боп, қол ұстаса, қуана жүгіріп келе жатқан екі досына сүйсіне, мақтана қарап «көрдіңдер ме» дегендей күлімдеп, сол орнында тапжылмай тұр.
Екеуі келе Ақгүлді еркелете құшақтап жоғары көтерді. Оның мына өнеріне сонша риза болған Түйме екі бетінен құшырлана кезек-кезек сүйді. Сөйтті де оны құшақтаған бойы көзіне тура қадалып:
–Гүлім! Гүл саған теңеу де емес, қандай асыл гүл болса да, оның бір-ақ қасиеті бар, әдемі түр мен шырын иісі ғана, ал сенің қасиетің мың, онан да көп, – деп құшырлана- құшырлана дөңгелентті.
Екеуі Ақгүлдің екі қолтығына жабысып, әсем буылған бір шоқ гүлдей жараса, соншалық бір шексіз рахатқа бөлене, Сырдың сұлу өлкесін жаңғырта сақ-сақ күліп, «Құтырған» көліне қарай келе жатты.
– Жаным, Ақгүл, сен нағыз жігітсің, неге ғана жігіт боп тумадың екен, – деді Қарашаш, оны қыса өзіне тарта түсіп.
– Құлдығым, Қарашаш-ау, осы сөзің мүлде теріс. Бұл сөз маған мақтау емес. Сен мені жігіт деп, жігіт сияқтысың деп мақтап келесің. Қыз қалпыммен неге мақтамайсың. «Жігіт» деген атты жоғары санап, «қыз» деген атты әлсіз, төмен санау баяғының ауруы, қыз деген ат онда кемдік те, қорлық та емес. Біз қыз деген аттың даңқын жоғары көтере біліп, таза сақтауымыз керек. Қыз білімде де, күш-жігерде де, еңбекте де жігіттерден асып түспесе, кем түспеуге тиіс.
Нағыз қыз бола білейік. Бірақ сен мылтықтан қорқып қашатын болсаң, мен жүгіре, секіре білмесем, мынаТүйме суға жүзе білмесе, біз онда қыз атына кір келтіреміз. Нағыз қыз бола алмағанымыз.
– Туһ, Ақгүлжан-ай, тұла бойың ағып тұрған білім екен гой. Осынша ақыл ішіңе қалай сыйып жүрген өзіңнің. Шөлдеп келіп салқын сусын ішкендей, маңдайымнан тер шықты ғой,- деп Қарашаш мөлдір, әсем даусын қоңырау даусындай сыңғырлата күлді.
Түйме де Қарашаштың сөзін қостады.
Бұлар осындай әзіл әңгімемен келе жатып «Құтырған» көліне жеткенін білмей қалған еді.

III
Бұл көлдің неліктен «Құтырған» атанғанын ешкім де білмейді. Осы көлден балық аулай келген сайын әкесінің мазасын алып Ақгүл де мұның неге бұлай атанғанын талай рет сұраған. Оның бар жауабы:
– Бұл көлдің неліктен «Құтырған» атанғанын мен түгіл әкем де білмейтін еді, - деп салатын. Сондықтан да Қарашаш иен Түйменің көл жөніндегі сұрағына Ақгүл де ешнәрсе айта алмады.

Әбдікәрім Оңалбаев.
05 ақпан 2019 ж. 1 323 0