№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шайдың жеті түрі

Шайдың жеті түрі


Ақ шай – шай жапырақшалары жұқа және ашық түсті. Өте нәзік.

Көк шай – бұл атау Күн көзіне кептірілген соң берілген. Шайды дұрыс демдеу өте маңызды. Егер ыстық суды құярда сәл қателессеңіз, қатты қайнап кетсе немесе қайнамаған болса, дәмі бұзылды деп есептеңіз.
Сары шай – сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындалу процедурасын қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.
Улун шайы – жартылай ферментті, ашық түсті жапырақты. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.
Қызыл шай (бізше қара шай) – күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қарт адамдарға қуат-күші төмендегенде шипалы.
Қара-пуэр – тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелінгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп бірнеше жылдар бойы қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздаған!
Пуэр – уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ал шайдың басқа түрлерінің әсері керісінше.
Гүлді шай – гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.
14 қыркүйек 2018 ж. 1 220 0