№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ЖҮК ПОЙЫЗЫ РЕЛЬСТЕН ШЫҒЫП КЕТТІ

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ЖҮК ПОЙЫЗЫ РЕЛЬСТЕН ШЫҒЫП КЕТТІ

 6 вагон рельстен шығып кетті, зардап шеккендер жоқ. 12 қараша сағат 23:40 шамасында Қызылорда облысы бойынша  төтенше жағдай департаментінің кезекші қызметкерінен Қазалы-Арал бағытындағы Арал ауданына қарасты "Қамыстыбас-Шөміш"  аумағының 2426 шақырымында ПК-7 П-1273 жүк пойызы рельстен шыққаны туралы хабарландыру түскен, апаттың себебі анықталып жатыр.


   ТЖД мәліметіне сәйкес, машинист Б.Баймаханов басқарып отырған ТЭЗЗА-0137 тепловозы тежегіш магистралінде қысым төмендеуіне байланысты 73 шақ./сағ. жылдамдығымен келе жатқан бойда сағ. 23.05 жедел тоқтау жасаған.
Пойыз құрамын қарау барысында пойыздың бас жағында 6-21 вагондары рельстен шыққаны анықталды (құрамында 45 вагоны бар жүк пойызының 16 вагоны аударылған, жүгі анықталуда). Адам шығыны жоқ.
Қазіргі таңда оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ апатты-құтқарушы қызметтерінің 70 қызметкері (оның ішінде 2 қалпына келтіру поезды), ТЖД, сондай-ақ, Арал және Қазалы аудандары әкімдіктері мен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының 25 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Оқиға салдарынан 3 жолаушы пойызы тоқтап тұр, атап айтқанда:
1) Қазалы станциясында № 481 «Ташкент-Самара» поезды;
2) Арал теңізі станциясында № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызы;
3) Сексеуіл станциясында № 618 «Қызылорда-Астана» пойызы.
«   Алматы-Маңғышлақ» жолаушы пойызында 723 адам, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 39 бала, «Қызылорда-Астана» поездында 191 адам, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 40 бала, «Ташкент-Самара» поездында 183 жолаушы, оның ішінде 13 бала бар. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, жергілікті полиция қызметінің күшімен 3 поезд жолаушыларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
«Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан келесідей шаралар қабылданды: рельсте жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жолаушы пойыздар Арал және Қазалы станцияларында тоқтап тұр.  Аталмыш пойыздағы жолаушыларға қажетті көмек көрсетілуде. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлер жұмылдырылған. Пойыз ішіндегі ауа райын сақтауға қажетті қатты отын қоры жасақталды. Зардап шеккен жолаушылар жоқ. Дегенмен, өрт сөндіру техникасы мен жедел жәрдем көлігі арнайы кезекшілікке қойылды. Сонымен қатар, жақын маңдағы елдімекендердегі медициналық бекеттер қажет болған жағдайда адамдарды қабылдауға дайын», - деп мәлімдеді облыстық жұмылдыру дайындығы  басқарма басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
13 қараша 2018 ж. 1 141 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 18:35
Discount Worldwide Levaquin Real Internet Online Price Viagra Y Dialis Cialis 20mg Achat France cialis canada Provera 5mg Tab Viagra Delivery

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 09:59
Viagra Wirkung Essen Keflex Expansion Compensators online pharmacy Cialis E Ulcera Sibutramina Interacting With Amoxil