№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕТІ БАЛА ТАПҚАНДЫ, ХАНЫМ ДЕСЕ БОЛАДЫ

ЖЕТІ БАЛА ТАПҚАНДЫ, ХАНЫМ ДЕСЕ БОЛАДЫ


Соңғы екі жылда Дәурен мен Ақбота жайлы не айтылмады десеңізші… Ең бастысы, күйзеліске толы шақтары өткен күннің еншісінде қалды. Дәл қазір Дәурен мен Ақбота өздерін жаһандағы ең бақытты жандардың қатарына қосып қойған. Өйткені, түрлі қиындықты бастан кешкен жұп заңды түрде некесін қидырды. Ал, шаңырақ көтеру жайлы ұсыныс Айдарқұловтың тарапынан түскен.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Негізі Дәурен бұрыннан ұсыныс тастайтын. Мен енді шамалы еркелеп, қырсықтанып, жауабымды айтпай жүрген болатынмын. Енді, ортақ баламыз болған соң, елге күлкі болмайық дедік те, екеумізде осы шешімге бел будық”, – дейді Ақбота-Нұр.
Бүгінде ұлдары Ибраһим толыққанды отбасында өсіп келеді. Айдарқұловтың атұстары ата-анасының жолын қууы мүмкін.
“Қазіргі таңда Ибраһим Аллаға шүкір бір жасқа толды. 10 айлығынан бастап жүріп кетті. Өте ақылды бала. Қазіргі балалардың барлығы ақылды ғой. Сөйлейді. Өнер адамы болады-ау деп қоямыз. Өйткені, қашан көрсең билейді. Ән айтады да жүреді. Біз не айтамыз, соны қайталайды”, – дейді Ақбота.
Дәурен мен Ақбота тұңғыштары Ибраһимнің ізін басар, іні-қарындастарының көбейгенін қалайды. Перзенттер санын жетеуге жеткізуді жоспарлап жүрген ерлі-зайыптылар, енді ел демографиясының дамуына үлес қоссақ деген ниетте.
“Кішкентай кезімде бір баланы армандайтынмын. Сөйтіп уақыт өте келе Ибраһим дүниеге келген соң, 4-5 бала болғанын қаладым”, – дейді Ақбота.
“Неғұрлым қуаныштарымыз көп болса жанұямызда, соғұрлым мен де қуанамын. Ақбота да қуанады деп ойлаймын. Бір сұхбатында Ақбота… Бесеу дедің сен, иә?.. Мен ойладым, қалай ол бесеу? Жетеу деп келіскен жоқпыз ба деп алдында”, – дейді Айдарқұлов.
Айта кетейік, Айдарқұловтың алғашқы некесінен қос қызы мен бір ұлы бар!
26 маусым 2018 ж. 1 158 0