№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әке, өтінем менімен ойнашы

Әке, өтінем менімен ойнашы


Дүйсенбі күнгі жанталас. Басылымның әрбір саны айтар ойы бар, жақсы безендірілуі тиіс. Бұл – редактордың басты талабы. Бір сөзбен айтқанда, әрбір мақала тиісті бетінде өз орнымен, суреттер материалдың мазмұнын ашатындай сөйлеп тұруы қажет.

Кешкі сағат бес. Әдеттегідей кешке қарай жұмыс қыза түсті. Кенеттен оң жақ бүйірім сыздап ауыра бастады. Мән бергім келмейді. Алайда уақыт өткен сайын ауырғаны үдей түсті.
Автокөлікке отырып, аудандық ауруханаға тарттым. Келген бойда медбикелердің абыр-сабыр жүргенін, науқастардың көптігін байқадым. Сыздап ауырған жер жаныма батқаны соншалықты қатқыл дауыспен: «дәрігерді шақырыңыз», – дедім медбикеге.  
– Қазір келеді.
– Тез келсе жақсы болды, – деп дауыстадым.
Ұялы байланыспен телефон соғып, дәрігерді шақырды. Екі-үш минуттан кейін жүзі таныс дәрігерді көрдім. Иә, ауылда допты бірге тепкен, інімдей болып кеткен жігіт. Іштей «өзіміздің Бауыржан ғой» дедім. Ауылда оны «Баукең» деуші едік.
Дәрігер ауырып жатқан жерді қолымен ұстап:
– Қашаннан бастап мазалауда? – деді.
– Екі сағаттай болды. Бүйрегім болуы тиіс. Себебі Павлодарда осыдан екі жыл бұрын лазермен ота жасатқанмын, – дедім.
– Жоқ. Бұл бүйрек емес. Сіздің тоқ ішегіңіз. Шұғыл ота жасау керек, – деді.
Бірнеше минуттан кейін шашын артқа қайырған, хирург дәрігер (бөлім меңгерушісі) Ғалым тоқішектің алғашқы белгілерін көріп «отаға дайындандар» деп кетті.  
Шамамен жетілерде палатаға алып келіп, сырт киімді шешіп, ота жасайтын бөлмеге жылжымалы арбамен алып барады. Арбаның «шопыры» Тұрсын есімді кезекші медбике. Қатты жүріп келе жатқан керуерттен тек төбедегі шамдар ғана көрінеді. Бас айналып барады.
Ота жасау бөлмесіне кіргізіп, операциялық орынға жайғастырды. Теледидардан көріп жүретін шамдарға көз жағылысып жатыр. Медбикелер отаға қажетті құрал-саймандарын жинап жатыр. Дәрігерлер қолдарын жуумен әуре.
Құрал-сайманды дайындап болды ма, медбикенің бірі екі аяқты бірге байлады. Екі қолды кезек-кезек байлап, дәрменсіз күйге түскендей болдым. Науқастың үстіне жабатын матаны жауып тастады. – Бетімді ашындаршы, – деп дауыстай бастадым.
Бойымда үрей басым. Олай болмағанда ше? Ел арасында медицина саласына байланысты неше түрлі әңгіме бар? Естіген құлақта айып жоқ. Талай рет «ішінде қайшы қалып кетіпті» дегенді де естігенім бар. Не де болса тәуекел? Дәрігерге сенбегенде, кімге сенемін?  
Сол жағымда дәрігер Бағдат тұр. Оң жанымдағы Бауыржан отаны жасайтынын ұғып, «Баукең, бірінші Аллаға өз-өзімді тапсырдым. Екіншіден, өзіне аманат», – дедім. Бөлім меңгеруші Ғалымды көріп «тәжірибелі дәрігер жүр ғой!» дедім іштей.
Солқылдап ауырып жатқан жерді сызып алғандай болды. Сосын «ауыртпайтын уколь салып жатырмын», – деп тіле бастады. Бәрін сезеді екенсін. Ауырса да еркекке тән шыдамдылық танытуға тырысып бағудамын. Алайда кірген тікенді шығарудың өзі жанға батпай ма? Бір уақытта қарынды кесіп болғандай болды ма?.. Дәрігердің ішекті ұстағаны сезілуде. Мандайдан салқын тер шығуда. Жаным шығып кететіндей айқайға бастым.
Медбике Бейбіт көңілімді аулағысы келді ме: «атын кім?», – деді. – Есімде жоқ, – деп ойбайға салдым. «Есіне түскенде ауыртпайтын уколь саламын, оған дейін шыда. Жігітсін ғой! Шамалы қалды», – деп жаныма медеу болмақшы. Алайда пышаққа түсу оңай ма? «Бауыржан наркоз салшы. Ауырып барады. Шыдай алмаймын», – деп ойбайды күшейте түстім.
Тұрсын: «Жігіт, тыныш жат. Ота сәтті шығу үшін айтқанды істегенін дұрыс. Шыда, шамалы қалды», – деуде. Бірақ жанға батқан жер бүкіл денемнен де ауырлап кеткендей. Тіптен, аспан мен жердің бар салмағы мені басып бара жатқандай. Ауырып, ауырып барады.
– Тоқішектің басталғанына екі сағат болмаған, бірнеше күннен асқан болса керек-ті. Іші іріндеп кетіпті. Наркоз салу қажет. Нұрлат, келісесін бе? – деді Бауыржан.
– Келіспегенде ше? Наркозды салындар, – дедім.
Бір уақытта жас медбике мен дәрігер келіп «системаны» қасыма қойды. Тамырға уколь сала бастады. Басым айналып ұйқы қыса бастады.
Соңғы сөзім  «Лә иләха илла Аллах» болды.
Тәтті ұйқыда жатырмын. Түрлі түстер кіріп шығуда. Әлдібіреулер аппақ әлемде қол бұлғап: «Нұрлат келе қой! Мына жақта жан тыныштығы бар. Қатал да, қатігез жерде не істейсін?», – деп шақырып жатыр. Бір уақытта тұңғышым аяғыма оралып: – Әке сөзінде неге тұрмайсын? Кешке доппен ойнаймыз дедін қой! Ойнайықшы. Әке, әке, өтінем менімен ойнашы, – деп бар дауысымен жылап жатыр.
– Қазір анау жаққа барып қайтайыншы. Сосын ойнаймыз. Сөз беремін, – деймін мен.
Ол болса:
– Өтірік айтасын. Одан да ойнайық. Мына доптың желі жоқ болса да ойнауға болады, – деуде.
Әлгілерге: – Кейіндеу барамын, кеше балама сөз беріп қойып едім. Сонымен ойнамасам болмас, – дедім...
...Көзімді ашсам бірнеше жарық байқалады. Басым айналып жатыр. Тыпырлап жүрген адамдарды естіп жатырмын.
– Сағат неше болды?  
– Сағатты қайтесің, алдымен есінді жи.
– Мен қайдамын?
– Ауруханада, – деді бұлдырлап көрініп жатқан адамдар. Олар ота жасалған жерді жуып жатқандай көрінді. Өнім бе, түсім бе ешнәрсені түсінбеймін. Басым әлі айналып жатыр. Бір уақытта көп уақыттан бері айтпаған кәлима-шарифті айтып сандырақтай бастадым.
Есін жиды-ау. Палатаға алып барайық деді. Сағат түнгі 23-тен өте орныма келіп жайғастым. Палатада жатып ғұсылсыз, дәретсіз екі бас намаз оқып, Аллаға шүкіршілікті айтып жатқанда ұйықтап кетіппін.
Тұрсын келіп ауырғанды жеңілдететін укол салып кетсе, Тәттігүл тазалыққа жауапты қызметші қайта-қайта қасыма келіп айтқанымды орындап жүр. 
Таңертен «обход болады» деп жүрген медбикелер мен тазалаушылар бөлмені тазалап, төсек орын мен заттар тұратын тумбшкіні жинастырып жүрді.
Дәрігер келіп «ота ауыр болды. Ішек-қарнынды іріннен тазалап жудық. Ауруды көп өткізіп алыпсын. Абырой болғанда отаны дәл уақытында жасадық. Алайда бірнеше күн іштегі қалған-құтқан ірін сыртқа шыққанша түтік тұрады. Жасыратыны жоқ, сәл кешіккенде тоқішегін жарылып кетеді екен. Отаны дер кезінде жасадық», – деп ішіп-жейтін асты айтып, ертерек сауығып кетуіме тілектестік білдіріп кетті.
Мектеп қабырғасында оқып жүргенде адам саулығының қорғаушысы қызметін армандаған талапкер алдымен Кентаудағы арнауы орта білімді таусады. Сосын Шымкент қаласындағы Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті базасында білімін шындайды. Жоғары білімді үздік бітірген Бауыржан аудандық ауруханаға хирург ретінде қызметке орналасады. Төрт-бес жылдан бері тәжірибесін шындап, жүздеген отаны табысты жасап, ел арасында «дәрігер Бауыржан» есімімен танылып үлгеріпті. Қызметке жауапты, қарапайым азаматты әріптестері де құрметпен қарайды екен. 
Бір кемедегінің жаны бір емес пе? Қасымда жатқандар бауырмал, ашық жандар екен. Төсектен тұруым керек болса, дем беріп аяққа тұрғызып жібереді. Мұндай ортада өзінді еркін әрі сенімді сезінеді екенсін.
Оның үстіне, Жұлдыз бастаған медбикелер науқастардың асты-үстіне түсіп жүрсе, ..... секілді алтын қолды медбике науқастың ота жасалған жерін танып жүр. Ота жасаған күннің ертесіне түске дейін бес, түстен кейін екі науқасқа әр түрлі дәрежедегі ота жасалып аяққа тұрды. Бір аптада 10 науқасқа жоспарлы, 5 науқасқа жұғыл ота жасалыпты. Біле білген адамға осыншама ота жасауға мықты жүйке, шыдамдылық, кәсіби білік, өзінің мамандығын құрметтеу және жақсы көруімен астасып жатуы тиіс.
Ауруханадағы екінші күн. Есімді жиып, алды-артымды таныдым. Түнде бірнеше рет ұзыннан-ұзақ жатқан дәлізге шықтым. Кезекші медбика Інжумаржан қағазға үңіліп жазу жазып отыр. Бір қарасам Бауыржан да дәптерге бірнәрсе толтырып отырды. Сөйтсем, кешке дейін жасалған оталар және науқасқа тағайындалған дәрі-дәрмектер, қан қысымы, қан құрамы және т.б. анализдер жайлы толтыратын көрінеді. Неткен ауыр жұмыс десеңізші? Ақиқатында адам жанының арашасы дәрігерлік жұмыс қиынның қиыны екен.
 Жалпы, аңғарғаным дәрігерлер қаламгерден гөрі қолына көп қалам ұстамаса, аз жазбайды екен. Қашан, қай жерде, қай жерің ауырып емделдің барлығы тіркелетіндей. Банктен несие алғандардың мұрағаты сақталады ғой! Сол секілді әрбір дерегіңді сақтау үшін күндіз-түні қолдарынан қаламын тастамайды. Осының бәрін көріп дәрігердің жұмысын жеңілдетер электронды карта енгізетін күн де келер дедім.
Бүгінде ақ қалатты абзал жандар жайлы түрлі сөздер бар ел арасында. Алайда ауруханада жатқан күндері күндіз-түнді, сенбі-жексенбіні білмейтін дәрігерлік жолдың жүгі батпандай ауыр ұлы даңғыл екенін ұқтым.  Олай болса, дәрігерлердің жауапты да күрделі жұмысына сәттілік тілегеннен басқа болдан келер шара жоқ. 
ТҮЙІН. Ауруханада бүлдіршіндердің шырқыраған дауысын естіп жүрегін езілсе, дәлізде қисандап бүйірін ұстап бара жатқан қарттарды көріп жүрегін сыздайды. Жиырмадан астам науқасқа жүгіріп жүрген медбикенің қызметі қандай ауыр? Күніне бірнеше отадан шығып, одан кейін науқастарды аралап жағдайын біліп жүретін дәрігерлердің жұмысы қандай күрделі? Бір сөзбен айтқанда, денсаулық сақтау саласында тек жігері мықтылар ғана қызмет ете ме дедім. 
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 884 0