№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәрігердің қабылдауына енді Telegram арқылы жазыла аласыз

Дәрігердің қабылдауына енді Telegram арқылы жазыла аласыз


Енді емхананың есігін тоздырып, дәрігерді күтіп әбігерге түспейсіз. Мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік беретін "Электрондық үкімет" порталы қазақстандықтарға Telegraм-боттың көмегімен жұмыс істейтін үш түрлі қызмет ұсынды. Бұл жайлы «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Көптеген артықшылықтарға ие мессенджердегі «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің @EgovKzBot Telegram-боты азаматтарға емханаға тіркелуге, дәрігердің қабылдауына жазылуға және дәрігерді үйіңізге шақыруға мүмкіндік береді. Бұл қызметті пайдалану үшін eGov.kz сайтына кіріп, жеке кабинетке телефон нөміріңізді жазуыңыз керек. Осылайша сіз "Мобильдік азаматтар базасына" автоматты түрде тіркелесіз. Қолыңыздағы ұялы телефонға Telegram қосымшасын жүктеп, іздеу алаңына @EgovKzBot мекенжайын жазып, ботқа тіркелесіз. Бұдан кейінгі барлық әрекет боттың көмегімен керекті қызметті таңдау арқылы жүзеге асады. Естеріңізде болса, осыған дейін Telegram мессенджері арқылы мекенжай анықтамасын алу қол жетімді болғанын хабарлаған едік. Анықтамаларды SMS-кодты растағаннан кейін өз поштаңызға жолдау арқылы жүзеге асырасыз. Бүгінгі күнге дейін мессенджердегі атаулы ботқа 8212 адам тіркеліп, бұл қызмет іске қосылғалы 8517 сұрақ қойылған.

18 шілде 2018 ж. 1 015 0