» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ

Жаңа жыл жаңғырудың нышаны, жақсылық атаулының ағытылар шағы. Бұл аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ камитетінің бірігіп өткізген білім саласына айрықша еңбегі сіңіп, көпке үлгі болып жүрген бір топ педагогұстаздарды дәріптеуге арналған «Жыл үздіктері» марапаттау шарасында анық аңғарылды.

Білім саласында мұндай ауқымды шаралар бұрын-соңды болған емес. Тұңғыш рет өткізген шараға оқу-ағарту саласының ардагерлері, ұлағатты ұстаздар, жас мамандар №286 мектептің кең залына жиналды. Аудандық білім қызметкерлерінің мерейлі шарасына келген меймандар жүзі қуанышты. Білім бәсекелестігінде шынайы сыйластық орнатқан педагогтар жүзбе-жүз дидарласып, жаңа жылдық тілегін жеткізді. Барлығының жан тебіренісі жанарларынан сезіліп-ақ тұр, көздерінде қуаныш, кеуделерінде мақтаныш. Жаңа жылдық кешке сай биік шыршаның сәнін келтіріп жарық шамдары жарқырап тұр. Көрермен залының безендіруі көздің жауын алады. Жүздері бал-бұл жайнаған мектеп ұстаздарын аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев арнайы құттықтады. – Қымбаттыұстаздар, жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Биылғы қоян жылы жаңалыққа толы, табысты жыл болды. Өзім осы ауданға келгелі білім беру ұйымдарын аралап, тыныстіршілігімен таныстым. Бәрінің де талапқа сай жұмыс жасап, сапалы білім беруді жүйелендіргені қуантады. Білім сапасы жақсарып, жетістік еселенді. Бұл оқушылардың оқуда белсенді, алғыр, зерек болуының арқасы. Осы бағытта жұмыс жасап жатқан білікті мамандардың мерейін тасытып, мереке қарсаңында биік мінберге көтеріп, көпке үлігі етпекпін, – деп ыстық лебізін білдірді. Осыдан кейін өз жұмысына сергек қарап, жоғары нәтиже көрсеткен бірқатар педагогтарды марапаттау үшін мінберге шығарды. Марапат иелері қатарында білікті мамандар, әдіскерлер, ұстаздар және білім саласымен тығыз қарымқатынас орнатып, үлгілі жұмыс мәйегін көрсеткен әртүрлі салалардың мамандары бар. Ең маңыздысы, «Жылдың ең үздік мектебі» №286 мектеп ұжымы деп танылып, білім бөлімінің 1млн. теңгелік сертификатына ие болды. Ал, «Ең үздік балабақша» ауыспалы кубогына Жаңарық ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасы ие болып, аудандық білім бөлімінің 500 мың теңгелік сертификатына ие болды. Осы марапат мінберінде «Үздік мектеп директоры» атанған Мұхтар Шалысбаевты сөзге тартқан едік. – Қазіргі уақытта мектеп директорларына деген жауапкершілік те, жүктеме де көп. Үлкен мектептің тізгінін ұстаған сәттен-ақ, әр қадамымыздың сұралатынын сезіндік. Басшы ретінде ең алдымен балалардың тәртібіне, сабақ үлгеріміне, қоғаммен байланысына көңіл бөлемін. Әр баланың ізденісі артуы үшін ауқымды шаралар ұйымдастырып, мектептің абыройы үшін барымды салып келемін. Бұл марапат өз ісіме сенімімді ұялатты. Осы марапатқа лайық көрген аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаевқа алғысым шексіз, – деді ол. «Үздік әдіскер» атанған Фатима Тұртанованың да лебізін тыңдаған едік. – Биыл білім саласында ауқымды шаралар, кең көлемде семинартренингтер, үлгілі сабақтар өтті. Жағымды жаңалыққа толы жылда бағындырған белестер де аз емес. Педагогтар біліктілігін арттырып, оқушылар пән олимпиадасында нәтижелі жұмыстың өрнегін көрсетті. Бір сөзбен қайырсақ, балабақша саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылып, жұмыс жүйеленді. Осы марапат әр педагогтың жігерін жанып, талабын қатайтады, – деді үздік әдіскер Фатима Тұртанова. ТҮЙІН. Жаңа жылға жаңа үмітпен қадам басып, жылжабар жаңалығымен елді сүйсіндірген аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің салтанатты шарасы көптің көңілінен шықты. Мамандарына мотивация, қызметкерлерге үкілі үміт сыйлаған көпшілік шарасы жыл сайын ұйымдастыралатыны белгілі болды
04 қаңтар 2024 ж. 1 368 0