№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаңыз қараусыз қалмасыншы

Балаңыз қараусыз қалмасыншы

Айтыңызшы, сіз де уайымдайсыз ба? Кейінгі кездері балаға зорлық-зомбылық көрсететіндерің қарасы көбейді. Тіпті, осы тақырыптағы ақпараттарға көз сүрінеді.

Бала басты байлығымыз, асылы – бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі емес пе? Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Алайда, қазіргі біздің қоғамда баланы емін-еркін жіберіп, алаңсыз ойнату әсте мүмкін емес. Менің бұл ойымды көпшілік құптайды деп санаймын. Осындай аласапыран заманда өмір сүріп жатқандықтан, ата-аналар балаларымызға жақсы тәрбиенің дәнін себуіміз керек-ақ. Ал тәрбие, тал бесіктен емес, құрсақтан басталады. Болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі.
Байқаймын, жас аналардың көпшілігі бала ішіне біткеннен қолын ішіне қойып алып, инстаграм ақтарып, болмашы дүниелерге көз жүгіртіп отырады. Керек десеңіз, мән-мағынасы жоқ әуендерді бесіктің жанына айқайлатып қойып, баланы ұйықтатады.
Әрине, әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, болып өскенін қалайды. Шыны керек, теледидар қарап отырып, жапондардың тәрбиесіне таң қаламын. Халқы неткен ибалы десеңші. Әлбетте, бала тәрбиесіне баса мән беретін ұлттың бірі Жапондар. Оны сериалдарынан көріп те жүрген шығарсыздар. Олар «балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса, ал он бестен кейiн досыңдай сырлас» деген тәрбие негізін берік ұстанады.
Жапондар бала тәрбиелеуде «ұл», «қыз» деп бөлмейді. Екеуін де қазақ халқы сияқты еркелетіп өсіреді. Күншығыс елі мен қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі бір ұқсастық – ер баланы ел қорғаны, қыз баланы келешек отбасы ұйытқысы болуға баулу. Қатаң қағидалар негiзiнде өскен жапон баласы он бес жастан кейiн тәртiптi, оң-солын таныған, жақсы мен жаманды айыра алатын толыққанды азамат саналады деседі. «Патша» болып еркiн өскен бала 5-6 жасынан бастап, тастай темiр тәртiпке бағынатын «қиын» күндерге тап болады. Егер бұл тәртiпке бағынбаса, қатаң жазаланады. Жапон баласы үшiн ең үлкен жаза – жалғыз қалу. Отбасы мүшелерiнен бөлек бөлмеде жалғыз отырудан асқан азап болмайтынын сәби күнiнен санасына сiңiрген бала сол жазаға ұшырап қалмауға күш салады екен.
Міне, нағыз тәртіп. Бәлкім, бізде балаларымызды өбектемей, қарақан басымыздың қамы үшін қараусыз қалдырмай, нақты тәрбие беруге мән берсек, біздің ұтарымыз көп..
25 шілде 2021 ж. 499 0