ЖУРНАЛИСТЕР – қоғамның қозғаушы күші
Бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратты жеткізетін құрал ғана емес, ұлттық идеологияның жаршысы, мемлекеттік бағдарламалардың насихатшысы, ең бастысы, ұлттық қауіпсіздіктің өзегі. Иә, журналист еңбегі 8 сағаттық жұмыс қалыбына сыймайды. Кейде бір мақала жазу үшін бірнеше күн ізденіп, сөздің киесіне құрметпен қарап, қиналатыны бар. Үздіксіз еңбектің артында сапалы мақалалар туындап, оқырманын сусындатады. Журналистер қауымының осынау еңбегі 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ескерілді. Аудан әкімі Руслан Рүстемов сөз өнерінің қасиетін жақсы түсінеді ғой, салтанатты кеште тұрақты авторлар мен белсенді оқырмандарды қоса шақырды.
– «Газеттің сөзі бір күндік, өзі мың күндік» дегендей журналистер түнді түнге жалғап, шабыт іздеп, мақала жазады. Баспасөз тарихында қазақ басылымдарының орны ерекше. Әрбір мақаланың мазмұны кейде айлар бойы ұйқас іздеп, оқиды, тоқиды, пікірлеседі. Тіпті жылдап жазатын шығармалары да болады. Әрі оны бітіргенінше дамыл таппайды. Мұның бәрі жұмысқа деген жауаптылығы, шығармасына деген шынайылығы, газет өндірісіне адалдығынан. Мұндай ауыртпалықты екінің бірі түсіне бермейді. «Халыққа қызмет – кәсіби ақпаратты дер кезінде жеткізу, мемлекеттік саясатты ақпараттандыру. Мемлекеттік саясаттың негізінде халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмысын сапалы ету жатыр. Сол тұрғыда барлық мемлекеттік бағдарламалар, бастамалардың бәрі халыққа жету мәселелері өзекті. Сонымен қатар күнделікті халықтың көкейтесті мәселелерін шешуде аянбай қызмет етіп келе жатырсыздар. Сіздердің материалдарыңыз арқылы тек қана қоғамдық-саяси, экономикалық өзгерумен қатар әр жеке адамның да өмірін өзгертіп, иә болмаса, өмірін құтқарып жатқан жайттар бар. Сондықтан бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Әрқайсыңыздың арттарыңызда тұтас ұжым тұр. Сіздер арқылы сол ұжымдарыңызды құттықтаймын. Шүкір, қаламгер ағаларымыздың артында лайықты ізбасарлары қалды. Оған бүгінгі «Жаңақорған тынысы» газетінің кескін-келбеті мен мазмұны дәлел. Бүгінде біздің газеттің өңірдегі кез-келген газеттен шоқтығы биік, мерейі үстем. Төл басылым – «Жаңақорған тынысы» алдағы уақытта да осы биіктен түспей, асқақтай беруіне тілектеспін, – деді аудан басшысы.
Өтпелі кезеңдерде аудандық газеттің сақталып қалып, дамуына үлес қосқан ардагер қаламгерлер арамызда жүр. Сондай қаламгердің бірі Алмас Бекжігітов:
– 1998 жылы газетке келдім. Бұл кезде Қазақстан нарықтық экономикаға бейімделіп, редакция мен баспахана бірікті. Сөйтіп, баспа кәсіпорыны болып құрылды. 2000 жылы «Қазполиграфия» АҚ аудандық газет редакциясы отырған ғимаратты меншігі екенін мәлімдеді. Сөйтіп редакция ғимаратсыз қалды. Бұдан бөлек, баспахана өндірісінде де қиындықтар болды. Бұдан бөлек, күн тәртібінде газеттің тиражын арттыру, журналистердің жалақысын тұрақты беру және т.б мәселелер тұрды. Мұндай қиындықтарды жеңу оңай болмады. Журналистер қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші. Қалың халық пен билік арасындағы алтын арқау. Сондықтан бұл салаға екінің бірі келе бермейді. Келген күнде оның қадір-қасиетін тереңнен ұғынуға тиіс. Сонда ғана жолынан жаңылмайды, – деді.
Кездесуде газеттің тұрақты оқырмандары да бой көрсетті. «Жаңақорған тынысы» газеті бір-екі сағат кешіксе, редакцияға телефон шалып, ренішін білдіріп жататын оқырмандарымыз көп. Олар газеттің тұрақты оқырманы ғана емес, газеттің тігіндісін жинап, ұрпағына газет оқу мәдениетін насихаттап жүрген көкірегі ашық адамдар. Оқырмандар атынан «ауданның Құрметті азаматы» Зинабдин Шермағамбетов сөз алып, баспа көрген төл газеттің әрбір нөмірін оқымай, ұйықтамайтынын айтты.
Газет жас оқырмандарымен де мақтана алады. Сондай белсенді оқырманның бірі –ақын Ерсұлтан Мұстафаев:
– Қарымды қалам иелері
Ұтқыр еді ой – сана орамдары,
Сөз бен іздеп табатын жоғалғанды.
Таудай еңбек жүретұғын,
Бар тірлікке себепкер боп қоғамдағы.
Үлкен-кіші демейтін кейіпкерін,
Шырайына бөлейтін сүйікті елін.
Жүрген жері сан-соқпақ болсадағы,
Көрінетін шыңынан биіктердің.
Шындық сөздің іздейтін шешімінде,
Олар сірә көнбейтін кешіруге.
Бір мақала танытса елдің жайын,
Бір қателік келмейтін өшіруге.
Жайып тастап алдыңа тілектерін,
Сіңіреді бойыңа сөз өткелін.
Жылағанды жұбатып жүреді ылғи,
Мейірімін сезініп жүректердің.
Сан тірлікке араласып қоғамдағы,
Тек шындықты айтады олар мәңгі.
«Оқшау ойдың» шығарып бір шешімін,
Жақсылықтың жаршысы ұрандары.
Өзін-өзі сөзбенен шынықтырып,
Зер санаңды дамытар ой ұқтырып.
Газет беті қолжазба қалдырады,
Өткеніңді кетпейді ұмыттырып.
Қыл қаламның сезінген қасиетін,
Тани білген әу бастан сөз киесін.
Шын жанашыр болатын бар тірлікте,
Журналистер, Сіздерге бас иемін!
Бақыт тілеп әр жанның ғұмырына,
Көрініңдер тек биіктің тұғырында.
Мереке күн құтты болсын деп айтамын,
Жаңақорған тынысы ұжымына, – деп арнауын оқыды.
Сондай-ақ, Изатулла Нәрзілдаев та жалынды арнауын арнап, журналистерді бір серпілтіп тастады.
Кездесу соңында аудан әкімі Руслан Рүстемов ардагер журналистер мен «Жаңақорған тынысы» газетінің шығармашылық ұжымын марапат биігіне шығарып, құрмет көрсетті.
Әсел РЗАЕВА