Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 83

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » НҰРБОЛ – ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

НҰРБОЛ – ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында облыстағы үздік баспасөз хатшысын анықталды.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруда баспасөз хатшыларының ролі маңызды. Олар билік пен БАҚ арасында дәнекер болу арқылы халықтың ақпаратқа қолжетімділігін арттырады.
Осы орайда өңірде белсенді жұмыс істеп жүрген баспасөз хатшыларын таныстырып, үздігін бірге анықтауды мақсат еткен облыстық шара жерлесіміз Нұрбол Бәкіров "Үздік баспасөз хатшысы" атанды.
     Жаңақорған ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакировты жұрт елдің патриот азаматы, жедел ақпарат таратушы тұлға ретінде таниды. Оның аудан өмірі жайлы бейнежазбалары, хабарлары тәулік бойы әлеуметтік желі арқылы елімізге тарап келеді. Бұл – ауыл мен аудан үшін ғана емес, тұтас елге татымды ақпарат берумен бағаланады.
Сондай қауырт қызметте Нұрболдың еңбеккештігі, ерінбейтіндігі, сауаттылығы көпке үлгі болып жүр. Осынау еңбектің өлшемі бүгін, 28 маусым – Баспасөз және ақпарат қызметкерлері күнінде ескерілді.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова  Нұрбол Нағиматуллаұлын «ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ» номинациясымен марапаттады.
Біз әріптесімізге марапатың құтты болсын, еңбегің елене берсін дейміз.
Қуаныш құтты болсын, жерлестер!
28 маусым 2021 ж. 944 0