» » Маусым айында 18 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады

Маусым айында 18 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады


Жаңақорғанда өткен жылы 18 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй сатып алынып, баспана кезегінде тұрғандарға берілді. Ал биыл әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында 3 бөлмелі 20 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.
- Ауданда маусым айында 18 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады. Қазіргі таңда баспана салуға үшін жер кезегінде 7 мыңның үстінде тұрғын тұр. Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында ауданда 1 қоныстану аймағына егжей-тегжейлі жоспарлау жұмысына аудандық бюджеттен 29,2 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін жоба-сметалық құжаттарын дайындауға қаржы бөлетін боламыз. Одан кейін жер учаскелері берілетін болады. Мәселен соңғы 3 жылдың ішінде аудан бойынша тұрғындарға 1179 жер учаскесі табысталды, - деді Руслан Рүстемұлы.
Жалпы, ауданда құрылыс қарқынды. Былтыр басталған Жаңақорған кентіндегі 600 және 300 орындық мектептердің, Шалқия кентіндегі 150 орынға арналған клуб үйінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Биыл барлығының құрылысы аяқталады.
30 наурыз 2021 ж. 719 0