№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Азғындық арақтан келеді

Азғындық арақтан келеді


Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін салауатты өмір сүруі қажет. Ал ол үшін азаматтың алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі тәрбиелей білуі – адам бойындағы ізгі қасиет.
Өкінішке орай, «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін пайдалана алмау және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай» деген жалған түсінік қалыптасқан.


Алкогольдің ұрпақ үшін зияны үлкен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативі бойынша жан басына шаққанда алкогольдік ішімдіктерді сегіз литрден көп пайдаланатын елдің генофоны дег­радацияға ұшырайды. Ал Қазақ­стан­да жан басына шаққанда алкогольдік ішімдікті пайдалану көрсеткіші он екі литрді құрап жатыр.
Өнер, спорт, білім алу, кітап оқу, қол өнері және басқа сан-салалы пайдалы нәрсемен шұғылдануға болады. Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі. Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі мәнді өмір сүруге болады. Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемдік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе орта себепкер. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейқам қалдырмайды. Өйткені, маскүнемдіктің артында жеке адам, отбасы тағдыры тұр. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге жауаптылық заңмен белгіленген.
Әкімшілік құқық бұзушылық тура­лы кодекстің 440-бабының бірінші бөлігі бойынша: Жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық-тамақтандыру ұйым­дарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – бес АЕК (айлық есептеу көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы баптың екінші бөлігі бойынша: он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы баптың үшінші бөлігі бойынша, баптың бірінші және екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер – он АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның 9-бабының 4) тармағында, 2021 жылғы бірінші қаңтардан бастап айыппұл санкцияларын қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2917 теңге деп белгіленген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 57-бабының 10) тармағының, Қылмыстық кодек­сінің 54-бабының 1- бөлігінің 12) тармағының нормаларына сай, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасау құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәурдегі №2184 «Ал­ко­голизмге, нашақорлық пен уыт­құмарлық дертіне шалдыққан ауруларды мәжбүрлі емдеу туралы» заңның 4-бабының талаптары бойынша алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еркінен тыс мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберіледі.
Аталған заңдар аясында еліміздің бірнеше азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылса, біразы еріксіз мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі, ал алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасау құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды. Елімізде жылда тіркелетін құқық бұзушылықтың 41 пайызы осы ішімдіктің әсерінен болатындығын біреу білсе, біреу білмейді.

Шарап Садуақасов

20 мамыр 2021 ж. 474 0