ЕЛІМІЗДЕ НЕСИЕНІ ЕҢ КӨП АЛАТЫН ӨҢІР ҚАЙСЫ?
Несие алу бойынша елімізде қай өңірдің көш басында екені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Несиені ең көп алатындар Алматы тұрғындары көрінеді, екінші орында маңғыстаулықтар, ал үшінші орында Астана тұрғындары тұр.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда несие алу көлемі артып келеді. 2018 жылғы наурыз айының соңындағы көрсеткіш бойынша бір жыл ішінде несие мөлшері 16,9%-ға артып, экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда 331,2 мың теңгеге жеткен.
Несиені ең көп алатын алматылықтарда адам басына шаққанда тұтынушы қарызының көлемі 1,2 миллион теңгені немесе 6,2 айлық жалақыны құрап отыр. Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы, мұнда несие мөлшері адам басына шаққанда 522,6 мың теңге немесе 1,9 айлық жалақы болды. Ал, тұтынушылық қарыз көлемі бойынша үшінші орында тұрған Астана, онда экономикалық белсенді тұрғынның басына шаққанда 458,6 мың теңге, яғни 2,1 айлық жалақыны құраған.
Пікір 50