№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірлік бастауы

Бірлік бастауы

Наурыз мерекесі түркі ұлттарына ортақ, әрі ынтымақты нығайтып, бауырмашылдыққа бастайды. Еліміздегі әр түрлі этнос өкілдерін бір дастархан басына жинап, татулықты ту еткен дәстүрлі мереке ауданымызда да өз ізін тапқан. Мұны Хиссамеддин мешітіне жиналған жұртшылықтың жаңару мерекесінде айтқан алғаусыз тілегінен аңғаруға болатындай.


Тілегі бір туыстай татулықта тіршілік етіп жүрген 17 ұлт өкілдерінің 551 азаматы Ұлыстың Ұлы күнінде өз дәстүріне сай киімдерін киіп, ұлттық тағамдарынан дәм тартызды. Көптен көрмеген ағайындар құшақ жая көрісіп, амандық-саулық тілеп жатты. Дастарханда бас қосқан игі жақсылар наурыз мерекесінің маңызын насихаттап, дұға етті. Түрік қызы Наргиз Ахмедова:
– Жаңақорған менің атамекенім, бақытты балалық шағым, берекелі отбасым. Сондықтан да мен үшін осы өлкеден артық мекен жоқ. Біз секілді түрлі этностарды жатсынбай, бауырына басқан қазақ елі үшін көпшіліктің алғысын айтқым келеді. Мұнда біз білім алып, маман болып қызмет етудеміз. Ешқашан жатсынбаған қазақ достарыма ризамын. Дәстүрімізде, дініміз де, тіліміз де, мереке-мейрамымыз да ортақ, – деді.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі штабтың жанынан құрылған Жаңақорған әйелдер ұйымының төрайымы Баян Божбанбаева сөз алып:
– Өткен жылы індеттің салдарынан наурыз мейрамын тойлай алмай, халық наурыз дастарханында бас қосуды әбден аңсағандай. Жаңадан құрылған ұйымның белсенділері осы дастарханды ұйымдастыруға барын салып, елдің тыныштығын тілеуде. Түрлі ұлттармен бірге қызмет етіп, олардың талап-тілегін орындауға күш салудамыз, – деді.
Аудандағы тұңғыш кәсіпкер әйел, әрі қарамағында түрлі этнос азаматтары бар Баян Божбанбаева үстіне киген ұлттық киімін таныстырып, оның қасиеті жайлы айтты. Республикалық іскер әйелдер қауымдастығымен бірге Швейцария еліне барғанда ондағы халыққа қазақ биін билеп, ұлттың рухын көрсеткен. Осы ұлттық киім оның кәсіпкерлікте толағай табыс әкелетін жәдігері айналыпты. Басқосуға ұлттық киім киіп келгендердің қатарында ардагер Жақсыгүл Бегманова, Алма Мамырова, Асқат Серікұлы, Құралай Дәрмен, Гүлжауһар Искаковалар да болды.
Мешітке жиналған жамағатқа қасиетті хадистен насихат айтып, мейрамның маңызын түсіндірген мешіт имамы Жеңіс Ашимов ел тыныштығын тілеп, құран оқыды. Жаңақорған халқының бірлігін байқатқан басқосу көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлады.

Мақпал МАРҚАБАЙ
21 наурыз 2021 ж. 590 0