№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алаяқ дәрігерлер Damumed арқылы қазақстандықтардың ауру тарихын өзгерткен

Алаяқ дәрігерлер Damumed арқылы қазақстандықтардың ауру тарихын өзгерткен

Алаяқ дәрігерлер Damumed арқылы қазақстандықтардың ауру тарихын өзгерткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда науқастардың электронды медициналық жазбаларын тіркеу жауапкершілігін күшейтуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл туралы DamuMed қосымшасының айналасындағы жанжалдан кейін мәлімдеді. Бір түнде бүкіл қазақстандықтар дәрігерлерден жалған кеңес алғандары, операциялар жасап, тіпті аяқ астынан жүкті болғанын біліп, таңқалып жатты. Енді мұндай бұзушылықтар үшін тек аурухананың өзі жауап береді.
Айгүл Өтепова клиникадан соңғы рет қашан медициналық тексеруден өткенін әрең есіне түсірді. Ол былтыр дәрігер қабылдауында болғанын айтады. Алдыңғы күні келіншек электронды медициналық жазбасын тексеріп, қатты таңқалған. Өйткені жазбада оның сәуір айында терапевтке үш рет барғаны белгілі болды. Әйел тексерілуге бармағанын айтып ашынды.
«Дәрігер бірнеше рет қоңырау шалып, денсаулығымды сұрады. Бұл емханалар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан дәрігер кеңесі және телефон қоңырауы үшін ақша алады. Телефоннан мені қалай емделіп жатқанымды сұрағанда, әрдайым өзімде барлығы жақсы екенін айтамын. Егер олар дәрігерден толық кеңес алу үшін және телефон қоңырауларына ақы алса, бұл таза алаяқтық», – дейді ол.Мұндай жағдайға тап болған жалғыз Айгүл ғана емес. Мыңдаған қазақстандықтар кенеттен медициналық анықтамаларының өзгеріп кеткенін байқаған. Олардың басым бөлігі DamuMed қосымшасын қолданатындар болып шықты.
«Кейбір дәрігерлер өздерінің қызметтік жағдайларын пайдаланып, қаражат жасап отыр. Қазір заңгерлік сараптама жүргізіліп, дәрігерлер үшін қатаң талаптар енгізіп, жауапкершілігін күшейту мүмкіндігі қарастырылуда», – дейді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.Медициналық алаяқтықты әшкерелеген белсенділер дәрігерлер қосымша төлемдерді алу үшін тіркеуден өту керек дейді. Осы жылдың өзінде медициналық сақтандыру қоры 11,500-ден астам жалған тағайындау жасалғанын анықтаған. Дәрігерлердің мәліметтері бойынша қазақстандықтарға жалған операция жасалынғанын, мүшелерін алып тастаған, түсік тастап, жүкті болып шыққан.
DamuMed қосымшасын жасаушылар бұған дейін алаяқтыққа қатысты мәселе болмағанын айтады.
«Біз бақылаушы орган емеспіз, денсаулық сақтау басқармасы емеспіз. Біз тек өз жұмысымызды жақсы орындауға тырысамыз. Біз адамдарға бұл ақпаратты көруге мүмкіндік бердік. Бұл ашықтық. Цифрландыру осыған мүмкіндік береді. Бірақ ауруханалар оны өз қалауымен қолдануға шешім қабылдады», – дейді Наталья Кил.Жанжалдан кейін Кирилл Павлов электронды анықтамасын көріп таңқалды. Шымкенттегі ауруханада тіркелгенімен ер адамның дәл қазір Қарағандыда ем алып жатқаны көрсетілген. Дегенмен Кирил мен үйде сап сау отырмын дейді.
«Осының бәріне қарап, мен екі қорытынды шығара аламын. Бірі мен психикалық ауруға шалдыққанмын. Екіншісі жемқорлық жасау үшін жалған ақпарат жазып, бірау мұны бас пайдасына асырып отыр. Медициналық сақтандыру қорынан ұрланған қаражатты жабу үшін осындай жағдайлар орын алып жатыр. Олар қазірдің өзінде кінәлілерді іздеуде», – дейді ол.Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалардағы жалған қызметтерге медициналық сақтандыру қоры бөлген барлық ақшаны қайтарып қана қоймай, сонымен бірге үлкен айыппұл төлеуге тура келетінін айтты. Диагнозы бар медициналық карталар түзетіле ме, жоқ па әлі ешкім білмейді. Олай болмаған жағдайда, мұндай пациенттер болашақта нақты диагностикалық мәселелерге тап болады. Өйткені, олардың ауру тарихын алаяқ дәрігерлер толық өңдеп тастаған.
06 тамыз 2020 ж. 489 0