№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «DAMUMED»: ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

«DAMUMED»: ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

Цифрландыру – уақыт талабы. Мұны Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында арқау етті. Шынында, озық елдер цифрландыру арқылы экономикасын дамытып, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуде. Қазақстан да цифрландыру бағдарламасын бекітіп, қоғамның барлық бағытына цифрландыруды енгізе бастады. Мұндай игілікті медицина саласынан да көре бастадық. Соның бір айғағы – «Даму-мед» мобильді қосымшасы.
Ақ халаттылардың айтуынша, бүгінде интернет арқылы дәрігерлердің қабылдауына жазылып, кез-келген анализдің қорытындысын біліп, басқа да шаруаларды бітіруге болды. Бірақ, бұл мүмкіндікті тұрғындардың басым бөлігі әлі біле бермейді.
Бүгінде дәрігерлерді қағазбастылықтан  арылтудың жолы шешімін таба бастады. Цифрланудың арқасында алдағы уақытта барлық емдеу мекемелерінде тіркеу орны өзгеріп, медициналық кітапшалар жойылады. Оның орнына электронды «денсаулық паспорты» еніп, Саll-орталықтардың қызметі артып, мобильді қосымшалардың қызметі күшейеді. Қазірдің өзінде «Даму-мед» қосымшасы толықтай іске қосылған. Бұл дегеніміз – денсаулық кітапшасындағы мәліметтің барлығы электронды түрге көшіріледі. Бұл бастама – кезек мәселесін түбегейлі шешетін жол.
– «Денсаулық паспорты» – әр тұрғынның медициналық электронды құжаты. Ол адамның денсаулығы жайлы бар мәлімет енген амбулаторлық карта. Картада тұрғынның жеке бас мәліметі мен аурулары, тексеріс нәтижелері жазылады. Бұл құжатты науқас пен оның дәрігері көре алады. Яғни, электронды кабинет науқас пен дәрігеріне ғана қолжетімді. Сонымен қатар, «Даму-мед» қосымшасы да қолжетімділікті арттырады, – дейді аудандық орталық емхананың ұйымдастыру бөлімінің фельдшері Бауыржан Мұзафаров.
Бүгінде ауданда «Даму-мед» мобильді қосымшасы ашылған. Мамандардың сөзінше, аудан тұрғындарының біршамасы осы қосымшаны пайдаланып, игілігін көруде. Бұл қосымша – кешенді медициналық ақпараттық жүйенің бір бөлігі. Қосымшаның тұрғындар үшін берері мол. Мәселен, смартфонның көмегімен бірнеше минутта дәрігер қабылдауына жазылуға не болмаса, үйге шақыруға мүмкіндік бар. Ол үшін смартфонға «Play Market» немесе «App Store»-дан «DamuMed» қосымшасын жүктеп, электронды денсаулық кітапшасын алады. Яғни, әр тұрғын өз облысын таңдап, «кіру» тетігі арқылы ұялы телефон номері мен ЖСН-ді тіркеп, смс-пен келетін құпия кодты күту керек. Келген кодты тіркегеннен кейін «рұқсат ету» батырмасын басу керек. Яғни, ЖСН-ді енгізгеннен кейін тұрғынның қай емханаға бекітілгені және емдеу дәрігерінің аты-жөні автоматты түрде шығады. Содан кейін адам өзіне ыңғайлы күнді таңдап дәрігер қаралуына жазылады. Бұл қосымша арқылы емделуші дәрі-дәрмектердің рецептін, зертханалық тексеру нәтижелерін, еңбекке жарамсыздық парағын емханаға бармай-ақ көруіне болады.
Сондай-ақ, «Дабыл түймесі» модулі арқылы 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары, жүкті әйелдер мен диспансерлік есепте тұратын науқастар бір түймені баса отырып, жедел жәрдемді шұғыл түрде үйіне шақыра алады.
– Бүгінде аудан бойынша 3750 тұрғын «Даму-мед» қосымшасын қолданады. Алдағы уақытта бұл санның артары анық. Өйткені, бұл қосымша кезек күттірмейді және жедел жәрдемнің көмегіне жылдам қол жеткізеді. Айта кететіні, 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының ұялы номері арқылы тіркеледі. Ал, 18 жастан асқан тұрғынның жеке-жеке ұялы телефон номерімен қосымшаға тіркеледі, – дейді Бауыржан Мұзафаров.
Иә, интернетті игілікке икемдесек, мобильді қосымша қолжетімді бола түседі.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
05 мамыр 2018 ж. 5 751 0