№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЦИФРЛАНДЫРУ – САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ЦИФРЛАНДЫРУ – САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ


Адамзат қауымы күн санап цифрландырудың сиқырлы әлеміне еніп барады. Тіпті, цифрландыру технологиясы арқылы адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа қырларына бетпе-бет келуде. Сондай жағдайды бастан өткердім.
Күзгі мезгілде құрғақ жөтел қысып, мазаны алатын әдеті бар еді. Осы жөтел биылда айналып өтпей, түнгі ұйқыны ұрлай бастағандықтан, аудандық емхананың күндізгі емдеу бөлімінен табылдым. Дәрігер мән-жайды түсіндіріп, алдымен тіркеу бөлімінен жеке карточканы алып, учаскелік дәрігерге көріну қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, флюорографияға түсіп, қанның анализін тапсыруды ескертті. Әрі бәрі компьютер арқылы тіркелетінін білдім.
Осыдан бір жыл бұрын күндізгі емдеу бөлімінде ем-дом қабылдағанда мұндау процедуралар болмаған еді. Аң-таңбыз. Амал жоқ. Бірінші қабатқа түстік. Тиісті нәрселерді алып, сатылап келеміз. Яғни, бой мен салмақты және жүрек-қан тамырдың күйін өлшеді. Осылайша кабинеттен кабинетті жағалап келемін. Жұмыс күнінің соныңда барғандықтан үлгермейтінімді ескеріп, емхананың басшысы Сәкен Үсейіновтен мән-жайды білдім.
Білікті дәрігер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіліп жатқанын түсіндірді.
– Қазіргі таңда аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдары осы жаңа жүйе бойынша жұмыс жасап келеді. Жаңа жүйенің ең алғашқы сатысы – емдеу ұйымдарына тіркелген тұрғындарды жүйенің электронды денсаулық паспортына енгізу. Осы электронды денсаулық паспорты арқылы кез-келген емдеу ұйымы қаралуға келген пациент жайлы қажетті ақпараттармен хабардар болады, – деп жауап қатты.
Журналистік әдетпен білікті дәрігерге сұрақ қойып, ойды мазалаған сұрақтарға жауап алуға асықтым.
– Жүйенің тиімділігі неде?
– Медициналық құжаттарды электронды жүйеге енгізу, яғни, құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу, медициналық жазбалардың сапасы мен ақпараттылығын арттыратын тетік. Қазір бірқатар электронды бағдарламаны біріктіру, басқа жүйелермен интеграциялау мүмкіндігін және тұрғындардың жыл сайынғы профилактикалық байқылаулардан өту барысын қадағалауға мүмкіндік ашып отыр. Мұнын бәрі медициналық тексерулерге науқастарды кезек күттірмей алдын ала немесе белгілі бір уақытқа жазылуын қамтамасыз етудің тиімді жолы.
– «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы сервистік қызмет көрсетуді жақсартатын бірден-бір жол. Мәселен, астаналықтар дәрігердің қабылдауына «Smart Astana» арқылы жазыла алады. Бізде ше?
– Әрине, мұндай мүмкіндіктер бізде де бар. Яғни, «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы өзінің аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігерінің қабылдауына жазыла алады. Дәрігер қарау кезінде науқасты аудандық немесе қалалық бейінді мамандарға консультациялық кеңес алуға, сондай-ақ рентгендік, зертханалық тексерулерге, күндізгі емдеу бөлімдеріне электронды түрде жолдай алады.
Аудандағы емдеу ұйымдарында жыл басынан бері кешенді медициналық ақпараттық жүйесі арқылы дәрігерді үйге шақырту, бейінді мамандардан консультациялық кеңестер алу, «Д» есепке тұру, функционалдық, рентгендік, диагностикалық тексерулерден өту, дәрігерге дейінгі қарау, ерлер және әйелдерді қарау, скринингтік тексерулер, жалпы зертханалық тексерулер, еңбекке жарамсыздық парағын алу, иммунопрофилактикалық екпелер, т.б қызмет түрлері электронды түрде көрсетіліп келеді.
Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі бойынша «DamuMed» мобильді қосымшасының енгізілуі медициналық мекемелердегі кезек күтуді едәуір азайтуға септігін тигізуде. Сондықтан кез-келген пациент «DamuMed» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде дәрігердің қабылдауына жазыла алады немесе дәрігерді үйге шақырта алады. Сондай-ақ жазылған рецептілерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көре алады.
– «DamuMed» мобильді қосымшасын пайдаланушылар қандай қызмет түрлерін алады?
– Қосымшаны пайдаланушының ұялы телефонына флюорографиялық, скринингтік тексерулерден өтуге, дәрігерге дейінгі қарау, ерлер және әйелдерді қарау бөлмелерінен өтуге шақыру хабарламалары келіп тұрады. Бұл мобильді қосымшаға бес жасқа дейінгі балалары бар ата-аналарға, жүкті әйелдер мен диспансерлік бақылауға жататын науқастарға дәрігерді шұғыл түрде үйге шақыртуға мүмкіндік беретін қызмет те енгізілген. Бұл мамандандырылған қазіргі заманауи ақпараттық жүйелер денсаулық сақтау ісіндегі көрсетілетін медициналық қызметтерді бірыңғай автоматтандырылған жүйеге көшіруге жол ашады.
– Цифрландырудың маңызына мән бермейтіндер аз емес Жалпы, цифрландыру бізге не береді?
– Цифрлы сана мен технологияларға қол жеткізу арқылы адамзат баласы өлместік жағдайға жетуі мүмкін. Мәселен, Альберт Эйнштейн туралы барлық мәліметтерді жинастыра келе, осы ақпараттардың негізінде оның цифрлы көшірмесін жасап, оны голографиялық бейнемен толықтыруға болады. Ал қазіргі өмір сүріп жатқан адамның, цифрлы болмысы мен тұлғасын жасау одан да жеңілдейді. Ол үшін сіздің миыңыздағы барлық ақпараттарды оқиды да, соның негізінде көшірмеңізді жасайды. Сіз өлген кезде бұл егіз-көшірмеңіз сіздің орныңызға өмір сүріп, сіздің мінезіңіздің негізінде дами алады және сіздің жадыңызды жаңа таныстықтармен байыта беретін болады.
Жалпы, денсаулық сақтауды цифрландыру немесе кешенді медициналық ақпараттық жүйесін енгізу осы сала жұмысындағы шешімін табуы тиіс күрделі мәселелерді шешуге жол ашады.
– Заманауи талап-міндеттерді қабылдауда біздің дәрігерлердің білім-біліктілік деңгейі жете ме?
– Дәрігердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыру күн тәртібіндегі мәселе.
Жыл басынан қайта даярлаудан 15 дәрігер, жол картасы бойынша бір дәрігер білімін жетілдірді. Орта буын медицина қызметкерлерінен 42 маман біліктілігін арттырды. Корея Республикасынан келетін мамандардың қатысуымен СЭЛЛ Скан 100А аппаратында сұйықтық цитология әдісін қолдану шеберлік-сабағына 10 дәрігер қатысып, тәжірибе алмасты.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 349 0