№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Бақытсыз бай


Тар өткелде бір дөңайбат баймен жұпыны киімді жай адам қарсы кеп қалады. Жай кісінің арқасында ауыр жүгі бар, еңкейіп өтіп келе жатқан, бай:
- Бірінші мен өтуім керек!-деп айқай салды. Жанындағы қызметшілері дереу жүгіріп кеп, өткелден өтіп келе жатқан кісіні кеудесінен итеріп, қолындағы жүгін суға лақтырып жіберді. Бай болса, бұған мәз:
- Маған қарсы шыққан адамның ісі әмәндә осылай болады. Екіншіәрі мен келе жатқанда жол беретін боласың,- деп, әлгі момынды қамшымен жон арқасынан бірер қайтара тіліп жіберді. Қарапайым адам арқасына соққы батып, тұщы етін удай ащытса да шыдап, жымиып қана күлді. Онысымен қоймай сол жымиған қалпы:
- Жолыңыз болсын,-деді. Бай мұндайды күтпеген болатын. Қамшымен тілгенін шыбын шаққан құрлы көрмей, өзіне қарап, күлімсіреп әрі ізет көрсетіп тұрған кедейге көзі шарасынан шыға бақырайып қарайды:
- Өй, мынау бар затынан айырылып және таяқ жеп алғанына қарамай маған "Жолың болсын" дейді ғой, әрине жолым болады, оған болмайтындай не көрініпті,-деп қарқылдай күліп аса берді. Жай адам сол арада ойланып тұрып қалды. Қайтеді, апара жатқан затын суға атты. Сол сәтте патшаның жасақтары жетіп келді.
- Біз жаңа көріп қалдық. Дарияға қоқыс лақтырған сенің қызметшілерің бе?-деп арғы бетке өте берген байды тоқтатты. Бай не дерге білмей:
- Ол менің қоқысым емес, әне бір пенденікі, соның заты болатын, жол бермейді, соның сазайын тартты, менің кінәм жоқ. Патша мені біледі. Мен осы патшалықтьағы ең атақты баймын...-дей берген еді, жасақ бастығы даусын көтеріп жекіді:
- Сен біздің басымызды қатырма! Патшаның жарлығын білмеуші ме едің, "Өткелден жүгі бар адам бірінші өтеді. Және суға кім де кім қоқыс тастаса, ол жазаға тартылады, оның жазасы 500 дүре" Мына оңбағанды ұстаңдар. Жай адам да кері қайырылған болатын, оған жасақ басшысы:
- Мына байдан затыңыздың ақысын өндіріп алыңыз. Суға кеткен жүктің ішінде не бар еді?
- Өздеріңіз жаңа қоқыс дедіңіздер ғой, оның ішінде шынымен де ескі-құсқы заттар болатын, қаланың ішін бүлдірмейін деп аулаққа, далаға апарып көміп тастағалы шыққам, сондай ауыр, қалай жеткіземін деп келе жатқанда мына кісмінің (байды нұсқап) кездесе кеткені, жүгімнен оңай құтқарды, әрі арқамның қышыған жерін қаси алмай келе жатқам, дәп сол тұстан сілтеді-ай қамшысын. Бұл кісі маған ештеңе бережақ емес. Алайда патшамыздың шығарған заңын бұзғаны үшін жауапқа тартылатыны өкінішті екен. Өзі бір бақытсыз пенде екен, мен одан қоқыс үшін құн сұрап, одан сайын бақытсыз қылып қайтемін, сол себепті жаңа: "Жолыңыз болсын!" дегем, онымды да қош алмай, мұрнын шүйірді, "Әумиін" десе несі кетер еді, ал енді не болды, жолдың болмауы деген осы емес пе, 500 дүреге бұл шыдар ма екен?
- Шыдайды, шыдайды, денесі іркілдеген май, саған соққан соққының есесін алады"-деп патша жасағы байды алдарына салып алып кетіпті.
"Көп асқанға бір тосқан" деген сөз осындайдан қалса керек...

Материал Төлеуғали Есетұлының парақшасынан.
25 сәуір 2020 ж. 727 0

Ұқсас жаңалықтар: