№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАН БІТКЕН «АУДИ»

ЖАН БІТКЕН «АУДИ»



Жөнді қарқын ала қоймаған машинаның алдына шығып, қос қолдап тірегенімен ештеңе шықпады. Сәл-пәл баяулағандай болды. Жан далбаса жасап қамшылар жақ шамы тұсынан бар күшін салып итермелей берді, итермелей берді. Терезе атаулысы тарс жабық «Аудидың» беті сәл қиғашталып, айдау көшенің ортасына шықты. Момын қарсы бетте келе жатқан машиналарға бір қолын ербеңдетіп белгі беріп, өзі өлдім-талдым дегенде «Аудиды» арғы жиектің кемер тасына апарып тіреді. Манадан бергі, қарсы бетте үйіріліп қалған қалың машинаның бипілі, балағат сөздің бірін де естімеді. Бас киімін алып, кеудесінен шығып кеткелі тұрған жүрегін басты да, азан-қазан қозғала бастаған машина нөпіріне қарап, сәл жымиды. «Тәубе, талайды майып қылатын еді. Тәубе!» деді Момын ішінен.
«Аудидың» капотын шынтақтап, иесін күтті. Ондағысы – дұрыстап тұрып бір боқтау. Жуық маңда иесі көрінбеді. Боқтағаны құрысын, жұмыстан қалдым деп, қолын бір сілтеп, кете барды. Артына еріксіз тағы қарады. «Біреудің машинасын қарсы бетке көлденең тастап кете барғаны... Қой неде болса иесін күтейін. Не көп, рөл ұстаған қыз-қатын көп. Сап-сау машинаны қағып кетіп жүрсе. Прорабқа айтсам түсінер. Ол да адам баласы ғой...» Момын «Аудиға» қайта бұрылды.
Бұған жол беріп, баяулай берген троллейбустың алдын орап өтпек болған. Сарт еткен дыбыс қана есінде. Көзін ашса, асфальт үстінде тізерлеп отыр. «Тұрыңыз!», «Тұрыңыз» деген дауысты естиді-ақ, тұруға дәрмені жоқ. Бір жігіттің қолтықтап әкеп, аялдама орындығына отырғызғанын біледі.
Өз-өзіне келе бастаған секілді. Манағы «Ауди» өзінен қол созым жерде тұр екен.
– Аға, қалайсыз? Машинаға тоырыңыз. Дәрігерге алып барайын, – деді, орыс па, жоқ неміс пе, әйтеуір қазақшаға судай жас жігіт. Өзін қолтықтап әкелген сол екен.
Момын басын шайқады.
 – Аға, үйіңіз қай жер? – Маған әуре болма, мені анау апарады, – деп «Аудиды» нұсқады.
 – Машинаңыз бар екен ғой. Міне, мынау менің адресім, – деп визиткасымен бірге 5 мың теңгесін ұсынды. – Өзіңіз бармай отырсыз. Дегенмен дәрігерге көрінген дұрыс болар еді. Кім біледі. Шопырыңыз қайда?
– Рақмет. – Момын визиткасын да, ақшасын да алмады. – Жазым ғой. Құдай сақтады. Жұмысыңнан қалма, балам.
Визиткасымен бірге ақшаны Момынның төс қалтасына лып еткізіп сұғып жіберді де, жігіт кете барды.
– Әй, шырағым! Мынауыңды, – деп Момын төс қалтасын қарманғанша жігіт біраз жерге барып қалған-ды. Ол артына қарады да, жымиып қолын бұлғады. Момын да сөйтті. «Мынау адам...» деп күбірледі.
Аялдама орындығынан сәл көтеріле берді де, көзі қарауытып қайта отыра кетті. «Ауди» жаққа көзі түсті. Аш күзен секілді, ішек-қарны арқасына жабысып қалған біреу есігін ашып жатыр екен.
– Әй! Нәлет! Бері кел! – деп Момын бар дауысымен айғай салды.
– Сволш! Почему тормоз не проверил! – деді жақындай берген мұрттыға. – Кешір, туысқан! Кәрілік, – деді анау қазақша.
– Кәрілік?! Кәрілік?! Мына еңіспен кетсе, дүниені қарап қылмай ма, ә?
– Айтпаңыз. Сіз бе тоқтатқан?!
– Тоқтатқан?! Менің қатын-баламды сен асырамақсың, ә? Өй әкеңнің ғана тап... – Момын сәл талықсып кетті.
– Жаңағы, қаққан... Сізді... Қай жеріңіз? Құдай алжытып...
– Қай жеріңіз дейді?! Бар, әкел, машинаңды! – деді Момын сәл бәсеңдеп.
Күзен бел қарашай Момынды қолтығынан сүйеп, «аудиға» отырғызды.
– Бәлніске апарайын ба? – деді анау үрейленіп. – Түсіңіз бұзылып тұр.
– Жұмысқа апар, тезірек. Әл-Фарабимен тарт.
Құдай жар болғанда, кәміншіктер жұмыссыз отыр екен. Цементтің бәрін 1-ші өшрет құрылысқа жөнелтіпті.
Момынның «хикаясын» естіген Әліпбек көктегі құдайдан бастап, жердегі прорабқа дейін сорғалатып боқтап шықты. Неге, не үшін! Оны өзі де білмейді. Момынды бір көлеңкелеу жерге отырғызып, оны-пұны түртпек жұмысты өзі істеді.
– Саған дауа жоқ шығар! – деді Әліпбек, құйрық салған бөлкенің жартысын ұсынған Момынға. – Мешітке өзім апарып құран бағыштатам. Сенің әке-шешеңе! Аруақтар риза болмай жатыр. Солай! Әйтпесе, не? Бір емес, екі емес!
Әліпбек буланған көзін, алақан сыртымен бір сипап тастады. Көңілінің неге босағанын өзі де білмеді. Әйтеуір бір сыздау бар. Анда-санда бір зырқ еткенде, жүрегі құрғырдың сөйтетіні әдеті.

Иген ХАСЕНҰЛЫ.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 053 0