№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зая кеткен жастық шақ

Зая кеткен жастық шақ


Көптен күткен куанышты күннің де хабары келді. "Әке атандыңыз! Ұлды болдыныз!" Деген сөзді естігенде, қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздады. Жұбайын да, ұлын да көкірегіне қысып құшақтағысы келді. Әке болу айырықша бақыт екен ғой! Дереу ұлы үшін екі құрбан шалып, садақаларын кедей-кепшікке тарқатты.

Үйіне келгелі бері айналшықтап, баласының қасынан шықпай қайта -қайта иіскеп қояды. Алаңсыз ұйықтап жатқан түрі қандай сүйкімді! "Ұлымды нағыз ер азамат етіп өсіремін " дейді көкірегін мақтан кернеп...
Баласы өскен сайын әкенің де сүйіспеншілігі арта түсті. Татті қылықтары күні бойғы шаршағанын да ұмыттырып жіберетін. Баласын арқасына мінгізіп ат болады. Кейде атысып ойнап, баласымен бала боп кетеді." Бала тәрбиелеу қандай болатынын жұрт көрсін. Дос-жарандарыма таңдай қақтырмасам ба!"-деп ішінен ойлап та қоятын.
Осы мақсатпен бала тәрбиесіне қатысты кітаптарды да алып окыды. Кей кітаптарда баланы еш нәрседен қыспай, өз еркімен "жаңа заманның талабына сай өсіру керек" депті." Жұмыстан бас көтере алмайтын кезде бұл әдіс тиімді де екен"деп ойлап та қойды. Содан мектепке барған күннен бастап баласының қолына ұстатқан ақшаны қайда жұмсағанын сұрамады. Қандай кино көрсе де тиым салып, шектеу қоймады. Достады жайлы да ескерту жасамады." Баланы өз еркіне қоя бермесең ертеңгі күні жасқаншақ болып өседі. Өзіне деген сенімі жоғалып, кез келген істе өздігінен шешім қабылдай алмайды. Ертеңгі күні бала дамымай қалады да, бастық болудың орнына, өзгенің барып кел, шауып кел дейтін қолшоқпары болып жүреді. Ер емес ез болады " деп қорықты.
Бір күні түсінде баласының халық қалаулысы болғанын көріп, одан сайын баласының жағдайын жасауға тырысты. Өзі дінді ұстанып жүрсе де, баласына әлсіреп қалады деп ораза ұстатпады. Ұйқысы бұзылмасың деп таң намазына да оятпады. Баласы қанша мәрте "мені мешітке алып баршы" деп қиылса да, өзі кейінге қалдыра берді. Тек баласының материалдық жағдай жасап бергеніне іштей мәз болып, ерте ма кеш па әйтеуір еңбегінің жемісін көретініне сенімді еді." Балама берген тәрбием үшін бір күні адамдар маған алғыс айтады" деп, болашақ күндеріне үмітпен ой жүгіртетін.
Осылайша жылдар зымырап өте берді. Әлгі кісі қарттықтын белесінің бел ортасына жетті. Баласы болса университетті бітіріп, жұмыс іздеп кетті де бірнеше жыл хабарсыз жатып алды. Қария ұлын ойласа, жүрегі ауырып қоя беретін. Жүрегі баласын жамандыққа қимады. Адам болар деген үмітін алданыш етумен, қарап жүрмей көрінген жұрттан баласын сұрастыратын. Күндердің күнінде әйтеуір ұлынан хабар алды. Іздеп барып, ұлымды көріп, жағдайын біліп қайтайын деді. Сөйтсе сағынышын жарты сағатқа сыйдыру керек екен. Бір кезде кезекші қызыметкер келіп, кездесу сағатының тәмамдалғанын айтты. Баласымен қоштасып, орнынан енді тұра бергенінде, қызыметкер:
- Сізді құтықтаймын. Балаңыз осы абақтыда жазасын өтеушілердің ішіндегі ең тәртіптісі, - деді қартты жұбатып. Еңсесі түсіп, ауылына қайтып келе жатқан қарттың құлағынан әлгі қызыметкердің сөздері жаңғырық боп кетпей тұрып алды...
Балаға дұрыс тәрбие бере алмаудың ақыретте сұрағы бар екенін ешқашан естен шығармайық оқырман..

Материал Төлеуғали Есетұлының парақшасынан алынды.
12 ақпан 2020 ж. 788 0